Маңғыстауда түзету мекемесінің төбесі құлап, екі сотталушы мерт болды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі қабатты ғимараттың жартысы қираған. Оқиға болған сәтте мекеме ішінде он адам болған.
Маңғыстау облысында арнайы түзету мекемесінің төбесі құлап, екі сотталушы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
— Алған жарақаттарының себебінен екі сотталушы көз жұмды, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда оқыс оқиға болған орында төтенше-құтқару бригадасы жұмыс істеуде. Олардың қатарында полиция, прокуратура қызметкерлері бар, арнайы техникалар да қатыстырылып отыр. Тағы бір сотталушыны іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұған қоса, жарақат алған сотталушылардың туыстарына арналған 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8 776-677-80-77 нөмірлері іске қосылды.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. ІІМ істі бақылауға алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық