Маңғыстауда көлік полицейлері балаларды өрттен аман алып қалды
Маңғыстау ауылында 11 ақпан күні түс ауа екі қабатты тұрғын үй өртенді. Өрт вокзал маңындағы үйдің екінші қабатындағы пәтерден шыққан.
Қара түтін кіреберісті тез басып, тұрғындар, оның ішінде балалар да өз беттерімен шыға алмай қалды, деп хабарлады Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Өртті полиция бөлімі дер кезінде байқаған. Алты полиция қызметкері полиция бөлімінің өрт сөндіру құралдары көмегімен адамдарды тез арада эвакуациялап, өртті сөндіруге кірісті. Бір пәтердегі тұрғындарды эвакуациялау кезінде полицейлер ересектердің қарауынсыз қалған үш баланы тапты. Кішісін қолына көтерген полиция лейтенанты Қайыпбергенов оларды көшеге алып шықты.
Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін тәртіп сақшылары (А.Умарбаев., Н.Қуанов., Н.Қайыпбергенов., Р.Хамит., А.Көктаубаев., Б.Орынхан) барлық тұрғындарды эвакуациялап, зардап шеккендерді және полиция қызметкерлерін аман алып қалды. Жалынның өршіп, басқа пәтерлерге ұшқындауына жол бермеді.
Өз кезегінде Көліктегі полиция басқармасының басшылығы жоғарыда аталған қызметкерлерді азаматтарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін мадақтайтын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық