Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың ағасы көмек сұрап отыр
Бүгін әскери бөлімнің әжетханасында асылып қалған сарбаз Еділ Тешебаевтың ағасы Orda.kz сайтына үндеу жазды. Ол жұрттан көмек сұрайды.
– Мен Еділ Тешебаевтың ағасымын. Бүгін оның қайтыс болғаны туралы хабар келіп жатыр. Екі түрлі айтып жатыр. Біреулерге аяқ киімінің бауына асылып қалды десе, маған белдікке асылды деп айтты. Әскерге баратын кезде: «Әскерге барасың ба?» деп сұрадым. Ол: «Иә, барамын. Ұрса да барамын» деген еді.. Жолдас достарына: «Әскерге келмеңдер. Менің басыма салғанды – сендерге салмасын!» деп айтқан. Өлер алдында туған-туысқан, ағайындардан ақша сұрайды. Ол: «Ақша керек еді, ақша керек еді. Қиналып жүрмін» деп.
Оның хаты өтірік (өлім деп аталатын хатты айтып отырмыз). Мен оны жақсы білемін. Ол ондай жігіт емес. Кішкентай кезінен пысық, мықты болып өскен жігіт. Шара қолданып, бірдеңе істеу керек. Бей-жай қарамайық ағайын! Қолдау көрсетіңдер!, – деді сарбаздың ағасы.
Еске салсақ, бүгін әскерилер 19 жастағы жауынгер Еділ Тешебаевтың Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінде асылып өлгенін айтқан.
Осындай жазбаны әлеуметтік желіде Бегабат Ұзақов есімді қолданушы жазды.
— Бүгін таңғы сағат бес шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Еділ Бақытұлы Тешебаев (20.03.2003) асылып қалғаны хабарланды. Бір қызығы, әскерилер туыстарына екі түрлі хабар айтқан, — дейді ол.
Марқұмның туыстары Түркістан облысының Сарыағаш ауданында тұрады екен.
Кеше марқұмның таныстарынан, туыстарынан ақша сұрағаны белгілі болған. Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық