Маңғыстау тұрғындары Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады
Маңғыстау облысының тұрғындары қуғын-сүргін туралы хабарларға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.
– Біздер, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының азаматтары 2-8 қаңтар аралығында өткен бейбіт шеруге қатысқан азаматтарды заңсыз қудаламауыңызды сұраймыз. Әлеуметтік желілерден естіп жатырмыз.
Заңсыз үйге кіріп, ұрып-соғып, алып кетіп, жасамаған заттарын «жасадын деп, мойында деп» ұрып жатқан жағдайларды көрдік. Сондай жағдайды болдырмауыңызды сұраймыз. Бейбіт шеруге қатысқан азаматтардың ешқайсысы жазықсыз қудаланбасын, – деп мәлімдеді маңғыстаулықтар жұма күні өздерінің бейне үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтар күні жетекші құқық қорғаушылар Тоқаевты қуғын-сүргінді тоқтату үшін шаралар қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысына танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы да осындай үндеумен жүгінді. ол президенттің уәделері тазарту мен құғын-сүргін ұйымдастыру арқылы диверсия жасайтынын мәлімдеді.
14 қаңтар күні кешке Тоқаев бас прокуратураға ұсталғандардың кінәсінің дәрежесін анықтап, «жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдауға» тапсырды.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады