Маңғыстау облысындағы құрылысшыларға 14 млн айыппұл салынды
Хабар 24
Нысандарды реконструкциялау, кеңейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты заң бұзушылықтар бойынша 30-дан астам әкімшілік іс қозғалды.
Маңғыстау облысындағы құрылыс компанияларына 14 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті (ГАСК) нысандарды қайта жаңғырту, кеңейту және заңсыз монтаждау жұмыстарын жүргізуді бұзу фактілері бойынша 31 әкімшілік іс қозғады.
— Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 179 хабарлама түсіп, 162 нысан пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 31 әкімшілік іс қозғалды. Айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді, - деді Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Әлібек Кеңесұлы «Хабар 24»-ке.
Кейбір құрылыс салушылар жобалық-сметалық құжаттамасыз, техникалық және сәулеттік қадағалаусыз, сараптамасыз тұрғын үй кешендерін салған болып шықты.
Сонымен қатар, олар Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті ГАСК-қа құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін хабарлама бермеген. Сотталушылар айыппұлды бірінші аптада төлеген. Соның жартысынан астамы мемлекет кірісіне жиналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық