Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Газ бағасы туралы іс бойынша Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасары Ғалымжан Ниязов қамауға алынды.
«Тәртіпсіздіктер мен наразылықтарға әкелген Маңғыстау облысында сұйылтылған газы құнының күрт өсуі әлеуметтік шиеленіс тудырғандықтан, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында Ғалымжан Ниязов ұсталды» деп хабарлады саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында.
Еске салсақ, елдегі жаппай наразылықтар 2022 жылдың алғашқы күндерінде басталды — елдің батысындағы Жаңаөзен және Ақтау қалаларының тұрғындары сұйылтылған мұнай газы бағасының екі есе өсуіне қарсы болды. Кейін наразылық басқа қалаларға, соның ішінде Алматыға да таралды. Адамдар көшеге шықты, қауіпсіздік күштерімен қақтығыстар мен тонау басталды.
Бесінші қаңтарда Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, сұйылтылған газ бағасын реттеуге бұйрық берді, бірақ толқулар жалғасты. Ол сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесін басқаруды қолға алды, кеңестің бірінші отырысында жағдайды «мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру» деп атады. Сонымен қатар, президент ҰҚШҰ-нан көмек сұрады. Ұйым жағдайды қалыпқа келтіру үшін елге ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберуге шешім қабылдады.
Жетінші қаңтарда президент террористер, соның ішінде шетелден келгендер де қарсылықты жалғастырып жатқанын айтты және қаруларын тастамайтындарды жоюға уәде берді. Сонымен қатар, ол азаматтардың бейбіт түрде айтылған барлық талаптары тыңдалғанын атап өтті.
19 қаңтарға дейін республиканың бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді, оған дейін билік аумақтарды тазартады. Бұл ретте жағдайды тұрақтандыру аясында маңызды объектілерді күзетумен айналысқан ҰҚШҰ бітімгерлері оларды жергілікті бейінді ведомстволарға өткізе бастады.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды