Мақсат Халық: «Әлеуметтік көмек артқан сайын, азық-түлік бағасы қымбаттайды»
Ет пен сүт бағасы өссе де, оған деген сұраныс азаймады. Жақында Energyprom зерттеу жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған өнімдердің бағасы қымбаттаған. Алайда, ет тұтынушыларының саны көбейіп, сүт тұтынушыларының саны азайған.
ORDA. осы мәселеге қатысты экономист Мақсат Халықтың пікірін сұрады.

Оның айтуынша, ет пен сүттің ғана емес, азық-түліктің бағасы көтерілген.
«Жаз мезгіліне көз жүгіртіп қарасақ, көбіне азық-түлік тауарларына деген сұранысты арттырған. Оған екі себеп бар:
Біріншіден, ол біздегі пандемияға байланысты төтенше жағдай режимінің енгізілуі. Азаматтар осы кезде былай айтқанда «дүрбелеңде» болды. Көпшілік дүкендердегі азық-түлікті артығымен сатып алып, қор жинауға тырысты. Нәтижесінде, дүкен сөрелерінде азық-түліктер тапшы бола бастады. Осыдан баға да қымбаттады. Бұл – бағаға әсер еткен негізгі фактор. Сонымен қатар, коронавирусқа қайсы азық ем, шипа деген сұрақтар болды. Сұраныстағы лимон, имбирь, сарымсақ пен саумалдың бағасы қымбаттады. Қандай өнім пайдалы десе, жұрт соған қарай жүгірді. Аталған факторлар белгілі бір дәрежеде бағаның өсуіне әкелді. Яғни, көкөністің де, жеміс-жидектің де құны өсті.
Екінші фактор – ақша көлемі ұлғайғандығы. Мемлекетіміздің айналымда жүрген қаражаты 2020 жылдың басында 21 трлн теңгеден астам болса, қазір ұлттық банктың сайтында оның көлемі 24 трлн теңгеден көп. Ақша көлемі ұлғайған. Ал елімізде жасалып жатқан тауарлар мен қызметтер саны оған сәйкес келмейді. Өйткені, пандемия кезіндегі локдаундта көптеген компаниялар мен фабрикалар жұмыс істемей тұрды. Ол біздің өнімді белгілі бір дәрежеде аз өндіргенімізді көрсетеді. Мұның барлығы инфляцияға әкеледі, ал азық-түліктің қымбаттауы соның көрсеткіші».
Осы екі фактор бағаға әсер етті.
Мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларының, мысалы, мұғалімдер жалақысының 25 пайызға, дәрігерлер жалақысының 30 пайызға, зейнетақы мен шәкіртақының көбеюі бағаның өсіміне септігін тигізеді.
Мемлекет бағаның өсімін қадағалауы керек
«Азық-түлік тауарларының ішінде А категориясына – күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар жатады. А категориясындағы азық-түліктің бағасы өскенмен оған деген сұраныс азаймайды. Адамдар қарыз алса да, сол тауарларды алуға тырысады. Сондықтан, бұл тауарлардың бағасының өсуі адамдардың әлеуметтік жағдайына кері әсер етуі мүмкін».
Бағаның қымбаттауы қашан тоқтайды?
«Егер де елдегі ақша көлемі ұлғайып отырса, онда индустрияландыру жобасын бірге жүзеге асырып, зауыттар мен фабрикаларды көбірек іске қосу керек. Еліміздегі тауар өндірісін жандандыру керек. Сол кезде ғана бағалардың өсімі тежелетін болады».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық