Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахмет үндеу жасады
Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты пікірімен бөлісіп, елді бірлікке шақырып, бейбітшілік басты бақыт екенін еске салды.
«Достар, жылдың алғашқы он күні баршамызды есеңгіретті, жанымызды күйзелтті, жүрегімізді қан жылатты. Отыз жыл бойы заңдылық ретінде қабылдап, атүсті қараған бейбіт өмірдің шынайы құнын әп-сәтте түсініп, өмірлік сабақ алдық. Үш ұйықтасақ түсімізге де кірмеген, берекемізді қашырған, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндірген қаралы күндер бағымызға орай артта қалды. Бейбіт шеруді өз мүддесіне асырмақ болған лаңкестердің құйтырқы жоспарына еліміз тойтарыс берді» деді ол.
Жас депутат қазіргі сәтте бөлінбей, ешкімді айыптамай, осы кезеңнен өту керектігіне сенімді екенін айтты.
«Бұл ретте, біздің партияластар, жастар қанаты әр аймақта штаб құрып, мұқтаждарға, әскерилерге көмек көрсетуде. Тізбектей берсем, атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Күні кеше Мәжіліс қабырғасында сөз сөйлеген Президентіміз жастарға ерекше назар аударды, атап айтсам, жұмыссыздықты азайтуды, жұмыспен қамту бағдарламаларын жетілдіруді, әлемдік жаңа оқу орындарын ашуды тапсырды. Өз кезегінде еліміздің жастар саясаты жүйелі реформаны қажет ететінін партия жанындағы жастар кеңесінің әр отырысында нақты ұсыныстармен дәйектеп көтеріп келдік. Енді іс жүзіндегі өзгерістерге көшуіміз қажет. Еліміз жаңарар, санамыз өзгерер, бәрі қалыпқа қелер. Бастысы – елдігімізді сақтау жолында арандатушылыққа жол бермей, еңбек ету. Ел аман, жұрт тыныш болсын!» деп жазды Мәди Ахмет.
Айта кетсек, 2019 жылы маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік қызметтегі 30 жылдығына арналған «Көшбасшылықтың 30 жылдығы» халықаралық ғылыми конференциясында Ахметов оған ескерткіш орнатуды ұсынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық