Қазіргі уақытта палата қарауында 35 заң жобасы бар – Нығматулин
Нұр-Сұлтанда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Осы айда депутаттар екінші рет жиналып отыр. 21 маусымда өткен алғашқы отырыста 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта палата қарауында 35 заң жобасы бар екенін мәлімдеді. Олардың ішінде өнеркәсіптік саясат және әскери полиция органдары туралы заң жобалары бар.
– Қазіргі уақытта палата қарауында 35 заң жобасы бар. Олардың ішінде өнеркісіптік саясат, өсімдік дүниесі, Семей ядролық қауіпсіздігі, әскери полиция органдары туралы заң жобалары бар, - деді Нығматулин.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, ең негізгі заң Қазақстанның бас қаржы құжаты. Үш жылға арналған республикалық заң жобасын қабылдайтынын жеткізген Нығматулин мемлекеттік қаражаттарды заңмен бекітетіндерін айтты.
– Ең негізгі заң еліміздің бас қаржы құжаты. Осыған байланысты біз әдеттегідей үш жылдық 2022-2024 жылдарға арналған республикалық заң жобасын қабылдайтын боламыз. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын күшейтуге, пандемия салдарын еңсеруге, ел дамуындағы маңызды бастамаларды жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік қаражаттарды заңмен бекітетін боламыз, - деді Мәжіліс төрағасы.
Сондай-ақ, парламентке кірген барлық партиялардың депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істегенін және депутаттық сауал жолдап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап бергенін айтты.
– Сессия барысында депутаттар тек заң шығару жұмыстарымен ғана айналыспады, сонымен бірге халықпен кері байланыс жасады, - деді Нығматулин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық