Мәжіліс отырысында Нығматулин Бейбіт Атамқұловқа шүйлікті
Фото: Егемен Қазақстан
Бүгін мәжіліс отырысында «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды. Депутат Арман Қожахметов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа сауал жолдады. Бірақ Атамқұловтың жауабы Нұрлан Нығматулинді қанағаттандырмады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Арман Қожахметов Бейбіт Атамқұловтан өңдеуші кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету туралы сұрады.
Қожахметовтың айтуынша, жаңа заң жобасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту құзыретін береді.
Ең қызығы, мұндай ереже заң жобасында айтылмаған.
– Сол себепті өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету үшін ережелерде қандай критерийлер енгізіледі? Осыны түсіндіріп беріңізші, - деді Арман Қожахметов.
Министр Атамқұлов бұл ереже отандық кәсіпкерлердің өтінішімен енгізілгенін айтты. Бірақ осы тұста Нығматулин оның сөзін бөлді.
– Бейбіт Бәкірұлы, сіздің қойылған сұраққа жауап бермей, өзіңіз білетін тақырыпта ғана сөйлей беретін таңғаларлық қасиетіңіз бар. Қазір сізге басқа сұрақ қойылып тұр. Өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету қағидалары мен ережелері заң жобасында жазылуы керек. Министр ретінде өзіңіз осымен келісесіз бе? - деді Нұрлан Нығматулин.
Министр оның сөзімен келісті.
– Шынымен де бұл жерде ертең адами фактор рөл ойнауы мүмкін, - деді министр.
Нұрлан Нығматулин шенеуніктер кәсіпорындарға қысым көрсетпеу үшін критерийлер мен принциптерді бекіту керектігін айтты. Жаңа жобада – мемлекеттік қолдау шараларын алушы кәсіпорындар үшін қарсы міндеттемелерді белгілеу жаңашылдықтардың бірі болып келеді. Демек, мемлекет инвестицияланған ақшадан нақты нәтиже күтуге құқылы.
– Мәселен, мемлекеттен қолдау күткен кәсіпкер, өз бизнесін қалай жоспарлайды? Өйткені, ол өзінен не талап етілетінін білмейді ғой. Осы заң жобасының үкіметтік нұсқасында да анық көрсетіліп тұр. Кәсіпкер қатаң талаптан құтылу үшін шенеуніктің алдына барып, өтініш жасауына тура келеді. Әрі қарай түсінікті. Шенеунікке ешқандай бақылаусыз шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі, бірден сыбайластық құқықбұзушылыққа жол ашады. Сондықтан, бұл норманы үкіметтік нұсқа бойынша қалдыруға болмайды, - деді Нығматулин.
Сондай-ақ, ол көмек сұраған кәсіпкерлерге талапты қатаңдатуға болмайтынын айтты. Заң жобасына екінші оқылымға дейін жұмыс тобына жауапты министрлікпен бірге тиісті толықтырулар енгізілу керектігін баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық