Мәжіліс депутаты мектепке хиджаб киюге рұқсат беру туралы айтты
Скриншот
Жаңа оқу жылының басталғаны сол еді, балалардың киім үлгісіне қатысты дау кең етек жая бастады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Жақында ата-аналар ҚР Білім министрлігіне хат жолдады. Онда олар қыздарына мектепке хиджаб (кимешек) киюге рұқсат беруді сұраған. Бірақ министрлік өзінің 2016 жылғы 26 бұйрығына сілтеме жасап, «бірыңғай форма болуы керек» деп қысқа ғана жауап қайтарды.
Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қасқа жол бағдарламасында өз ойымен бөлісті.
– Егер демократияшыл болсақ, өзінің құқын – басындағы орамалын сұрап жатқандарға да демократиямен қара. Оған келгенде ешкім демократияшыл емес. Қоғамға өте қауіпті деп біледі. Берген Бұйрығы Конституцияға қайшы, - дейді Тілеухан.
Депутат кимешекке тыйым салу ҚР Конституциясының 14 бабына қайшы екенін атап өтті.
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
ҚР Конституциясының 14-бабында
– Сол демократияшылдар ЛГБТ, феминизмге келгенде бәрін түсіне қалады. Ал мынаған келгенде түсінбейді. Қай жерде ұлтқа зиянды нәрсе бар, сол жерде жүреді... Сыртқы күштердің осындай ықпалына қарсы тұруға қауқар жоқ. Қабылдамасаң, әлемдік ұйымдардың бәлесіне қаласың, - деді Тілеухан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық