Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин Қазақстан халқына ант берді
Фото: inform.kz
Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин Конституцияға сәйкес Қазақстан халқы алдында ант берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Палата спикері Нұрлан Нығматулин қатарға қосылған тағы бір депутаттың Конституцияға сәйкес ант беретінін айтты.
– Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылып отыр. «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Ғани Болатұлы Хамзин Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты Конституциямыздың 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламент депутаты Қазақстан халқына ант береді, - деді Нығматулин.
Депутат Ғани Хамзин Қазақстан халқына адал қызмет ететінін айтып, еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант берді.
– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін, - деді Ғани Хамзин.
Жаңалықтар
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
- Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін: Ақы төлеген жолаушыларға ақшасы қайтарылады
- ҚР ІІМ: Жағдай тұрақты, сайлау учаскелері тәулік бойы күзетіледі