Мәжіліс депутаттары өзін-өзі тарату туралы ұсыныс айтып жатыр
Референдумнан кейін кейбір депутаттар парламентті таратып, қайта сайлау өткізу туралы бастама көтерген. Бұған қазіргі парламент қызметінің жаңа қабылданған Конституциясына сәйкес келмеуі түрткі болып отыр.
Парламенттің өкілеттілігі және депутаттардың саны өзгерді.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарым Nege.kz-ке пікір білдірді.
Депутат мәжіліс сайлауы кез келген уақытта жариялануы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Бірақ Президенттің бүгінгі мандаты бойынша мерзімінің аяқталғанын күтуге де мүмкіндігі бар.
– Көптеген әріптестеріміз: «Конституциялық өзгерістер енді, соған қарап жаңасын өткізейік» деп ұсыныс айтып жатыр. Көп нәрсе саяси мәселеге байланысты. Кеше халық таңдауын жасады. Президентке мандат берілді. Конституциялық өзгерістер енуі тиіс. Содан кейін бірқатар конституциялық заңдарға өзгерістер енгізіледі. Екі-үш заң мүлде жаңадан жазылады. Сонымен қатар, сайлау туралы, партиялар туралы, коғамдық бірлестіктер туралы, жергілікті өзін-өзі басқару туралы, депутаттардың мәртебесі туралы заңдар өзгеруі керек, – дейді Айдос Сарым.
Бірақ Айдос Сарым парламент сайлауын апыл-ғұпыл өткізуді қолдамайтынын айтты. Оның пікірінше, сайлау қазір өтсе, бұл тек «Аманат» партиясы үшін ғана олжа болғалы тұр.
– Жұрттың күтіп отырғаны – сайлауға жаңа партиялардың, жаңа көшбасшылардың келгені. Осы тұрғыдан алсақ, мәжіліс сайлауы биыл болмауы тиіс. Жаңа заңдар қаңтардан бастап күшіне енеді. Бәлкім, содан кейін Президенттің өзі бір ұйғарым жасайтын шығар, – дейді депутат.
Айдос Сарымның пікірінше, 35 адам жаңа партия құрғысы келетінін мәлімдеген. Олар жеңілдіктері бар, жаңа «Партиялар туралы заңды» күтіп отыр.
Референдумда қабылдаған Конституция мен парламент арасындағы қайшылық парламент сайлауы өткенше жойылмауы да мүмкін екен.
– Қазіргі конституциялық принцип алдағы сайлаудың ережесін анықтайды. Теориялық жағынан, біз өз мерзіміміз біткенше жұмыс істеуіміз мүмкін. Бізден кейін сайланатын мәжіліс жаңа принциппен қызмет ететін болады. Сенатта, мәслихаттар да солай, – дейді Айдос Сарым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық