Мәжіліс депутаттары қанша сауал жіберді?
Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, парламент мәжілісінің құрамына кірді.
Олар: «Nur Otan» партиясы (71,09%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (10,95 %) және Қазақстан Халық партиясы (9,10 %).
«Нұр Отан» партиясынан парламент мәжілісінде 76, «Ақ жол» партиясынан 12, Қазақстан Халық партиясынан 10 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Жетінші сайланған мәжіліс құрамына алдыңғы шақырылымның 32 депутаты кірді. Жалпы депутаттық корпус 70 %- ға жаңарды.
Мәжілістің жаңа құрамында: ер адамдар – 78 (73%), әйел адамдар – 29 (27%). Депутаттардың орташа жасы – 50 жас (2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша). 40 жасқа дейін – 19 депутат, 40-тан 60-қа жасқа дейін – 69 депутат, 60 жастан асқандар – 19 депутат.
Мәжіліс депутаттарының 30-ы (28 %) ғылым докторлары мен кадидаттары ғылыми атақтарына ие. Мәжіліске дейін депутаттар әртүрлі салада еңбек еткен: мемлекеттік қызмет, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, білім, медицина және т.б. Мәжілістің ұлттық құрамында қазақтар, орыстар, белорус, кәріс, неміс, әзірбайжан, армян, күрд, татар, өзбек, ұйғыр және украин этностарының өкілдері бар.
Жетінші сайланған мәжіліс депутаттары 422 сауал жолдапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттарының ішінде басым боп тұрғаны 28 сауал жіберген Әбдірахманов Сауытбек, Дементьева Наталья, Тохтасунов Владимир, ең азы Жамбыл облысы Сортөбе ауылының экс әкімі Бұларов Ілияс 26 сауал жолдаған. Қалған депуттары 27 сауалдан ұсынған.
«Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы фракциясы депутаттары ішінен ең көп сауал жолдаған Ерубаев Серік 124, Қазыбек Иса 123 ең азы Хамзин Ғани 42 депутаттық сауал жолдады.
Қазақстан Халық партиясы фракциясы депутаттары тобынан ең белсенді Смирнова Ирина 101 сауал, ең азы Паяев Айбек пен Сқақова Айжан 90 сауалға қол қойған.
«AMANAT» партиясының фракциясы ішіндегі ең белсенді 100 депутат:
Әбсеметова Әлия 52 сауал;
Бейсенбаев Елнұр 28 сауал;
Смышляева Екатерина 27 сауал;
Қаратаев Фахриддин 26 сауал;
Жаңбыршин Еділ 21 сауал;
Тәжмағамбетова Мақпал 21 сауал;
Нұрымова Гүлдара 19 сауал;
Ахметов Мәди 19 сауал;
Сүлейменова Жұлдыз 19 сауал;
Бижанова Гүлнар 18 сауал;
Ең аз сауал жолдағандарды да көрсетуге тура келіп тұр. Бас-аяғы үш сауал жолдағандар Ерман Мұхтар, Рамазанова Ләззат, Рахымжанов Әмірхан, Шиповских Геннадий. Екі cауал жолдағандар Адамбеков Тілектес, Елюбаев Мәди, Оспанов Берік, Сапарова Алия, Сүлейменова Зульфия, Тайжанов Ерлік.
Бір сауал жолдағандар Бойчин Анатолий, Колода Дмитрий, Симонов Сергей. Мүлдем сауал жолдамағандар Панченко Игорь, Құсайынов Марат. Бұл тізімге спикер мен оның орынбасарлары есепке алынбады.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық