Мәжіліс «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң жобасын мақұлдады
Бүгін мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заң жобасын талқылады.
Заң жобасының мақсаты – биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу.
– Биологиялық қауіп-қатерлердің негізгі көздері мыналар: аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары (мұндай ошақтар ел аумағының жартысынан астамын алып жатыр, сондай-ақ іргелес аумақтарда да бар); халық пен жануарлардың белсенді қозғалысының, тауарлар айналымы нәтижесінде қауіпті инфекциялардың әкелінуі; патогенді биоагенттерге рұқсатсыз қол жеткізу, олардың реттелмейтін және еркін айналымы; төтенше жағдайлар және терроризм актілері нәтижесінде жоғары қауіпті көздерге әсер ету; биоқауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі, -деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Министрдің айтуынша, заң жобасында қауіпті алдын алуға тиімді жүйе жасалған.
– Заң жобасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы; биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды біріздендіру; микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекциялары қызметін регламенттеу; үйлесімді мемлекеттік басқару жүйесін құру; патогенді биоагенттер айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторингтеудің бірыңғай жүйесін құру; биотәуекелдерді басқару жүйесін енгізу; биологиялық қауіп-қатерлерді болжау жүйесін құру; профильді қызметтер мен халықтың төтенше ықтимал жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету; мемлекеттік реттеудің превентивті функциясын күшейту шеңберінде реттеу ұсынылады, - деді Цой.
Республикалық бюджеттік комиссия 2022-2024 жылдарға арналған шығыстарды Заң жобасын іске асыруға шамамен 25 млрд теңге бөлді. Ол бейінді қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, мемлекеттік зертханалық базаны қосымша жарақтандыру, биоқауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру және жүргізу, микроорганизмдер коллекциясын ұстап тұруға жұмсалады.
Жоғарыда аталған Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық