Мәскеулік мүфти «Қара жұма» атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Фото: zakatfund.ru
Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ильдар Аляутдинов «Қара жұма» атын өзгертуге қатысты өз ойымен бөлісті.
Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сауда орталықтарының иелері мен кәсіпкерлерді «Қара жұма» сауда-саттық атауын «Жомарт жұма» деп өзгертуге шақырған. Ол Ислам дәстүріндегі «жұма» сөзінің қасиетті де қастерлі ұғым екенін түсіндірді. Мүфтидің айтуынша, жұма мұсылман қауымы үшін қасиетті күн болғандықтан, «Қара жұма» атауын «Жомарт» деп өзгерту көпшілік ислам дәстүрін ұстанатын қазақ халқына деген құрмет болар еді.
Аляутдиновтың айтуынша, «Қара жұма» тіркесі жаман мағынаға ие емес. Бұл дүкендер мен компаниялар өз тұтынушыларына барынша жеңілдіктер ұсынатын күн.
– Бірақ, сонымен бірге бұл сөз тіркесі, атап айтқанда «қара» сөзі жаман, арам, қорқынышты, қара күштермен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мүфтиінің ұсынысында белгілі бір мағына болуы мүмкін. Болашақта бұл тіркесті өзгертуге болады, - деді Аляутдинов РИА Новостиге.
Қара жұма тарихы
Америка Құрама Штаттарының тұрғындары қараша айының соңында жылдың басты мерекелерінің бірі - Алғыс айту күнін атап өтеді. Тарихта осы күннен кейінгі жұма тұтынушылық сұраныстың өсуіне байланысты «Қара жұма» деп аталады. 2021 жылы Қара жұма 26 қарашаға келіп түсті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық