Мәскеуде Навальныйға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалуда
5 ақпанда Мәскеудің бітім соты «ар-намысты қорлау» бабы бойынша Навальныйдың үстінен қозғалған іс бойынша сот тыңдауын қайта жалғастырды.
Белсендіге 94 жастағы соғыс ардагері Игнат Артеменконың «ар-намысын қорлау үшін» қасақана түрде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр.
Бұған дейін сот процесі Навальныйдың уланып, емделу үшін Германияға кетуіне байланысты тоқтап қалған болатын.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, басқа қылмыстық іс бойынша қамауда болған Алексей Навальный сот отырысына жеткізілген. Сот ғимараты маңында қауіпсіздік күшейтілді.
Навальныйдың үстінен қылмыстық іс былтыр маусым айында қозғалған. Әлеуметтік желіде Навальный Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап, RT телеарнасының үгіт-насихат видеосына түскен адамдарды «сатқын малайлар» деп атаған. Тергеу органы өкілдерінің айтуынша, бұл сөз видеоға түскен Артеменконың намысына тиген. Хаттамаға сәйкес, ол жазба туралы оған саяжайдағы көршісі хабарлаған. Бұдан соң ол өзін қарайтын адамға жазбаны көрсетуді сұраған. Артынша ардагердің жағдайы нашарлаған.
Навальный өзіне тағылған айыпты мойындамайды және қылмыстық істің саясиланғанын есертеді. Аталған бап бойынша оппозиционер миллион рубльге дейін айыппұл төлеуге немесе 240 сағатқа дейін жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін.
2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Алексей Навальныйды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Саясаткердің 2014 жылы «Ив Роше» ісі бойынша алған шартты жазасы 3,5 жыл түрме жазасымен алмастырылды. Оппозиционердің 2014 жылы бірнеше ай үйқамақта болғаны ескерілгендіктен ол түрмеде 2 жыл 8 ай отырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық