Мәскеуде ер адам Кремль қабырғасына «Молотов коктейлін» лақтырды
фото: OBOZREVATEL
Желіде Мәскеудегі Кремль қабырғасына «Молотов коктейльдерін» лақтырып жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Полиция бұл фактіні анықтап жатыр.
Бұл туралы «OBOZREVATEL» хабарлайды.
Мұндай батыл әрекеттің видеосы Ресейдің Украинаға қарсы соғысының 28-ші күні, сәрсенбі, 23 наурызда ғаламторда тарады. «Наразылық білдірушінің» кім екені белгісіз.
Бейнекадрлар жолдан өтіп бара жатқан көліктің терезесінен түсірілген. Ер адамның бірнеше рет сермеп, қабырғаға «коктейльді» қалай лақтырғанын көруге болады. Оның қасында ешкім болған жоқ.
Кремльдің кірпіш қабырғасының тұтандырғыш қоспасы түскен жерлері қара түске боялды.
Бұған дейін ер адам үш «Молотов коктейлін» лақтырған. Оны жауапқа тарту үшін полиция жеке басын анықтап жатыр.
Біраз уақыттан кейін тағы бір бейнежазба пайда болды.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.
2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамынан айрылды. Сондай-ақ, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.
27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.
Жаңалықтар
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
- Президент құттықтады: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылды
- Қазақстандықтар автонесие алуды азайтты: Сұраныс бір жылда 11%-ға төмендеді
- Президент қорғаныс министріне армияны цифрлық тұрғыдан жетілдіруді тапсырды
- «Бойка немесе Цистерон». Қырғызстанда ақсақал жылқыларға шетелдік лақап ат бермеуді сұраған
- Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптады
- Вискиді даяшы ішті ме? Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жалмаған Пак прокурордың сұрағына жауап беруден бас тартты
- Санкцияны айналып өту тәсілі ме? Еуропалық көліктер Ресейге қытайлық брендпен жеткізіліп жатыр
- Трамптың уәдесіне қарамастан, Иранмен келісімге келу мәселесі өте күмәнді
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Сотта жаңа жәбірленуші пайда болды
- Белфастта мыңдаған адам нәсілшілдікке қарсы наразылыққа шықты
- Блогер Қайсар Қамзаның шетелдік досы сүндетке отырып, мұсылман болды
- 107 күндік соғыс аяқталды ма? АҚШ пен Иран келісімге келсе де, шарттары әлі белгісіз
- Зейнеткер өз қызын сотқа беріп, алиментін бет күтіміне жұмсамақ болған
- АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім туралы мәлімдемелерден кейін мұнай бағасы төмендеді
- Женевада G7 саммитіне қарсы мыңдаған адам наразылыққа шықты
- Зеленский: Біз Трамппен кездесу туралы келістік
- Жетісу облысында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамалды
- Швейцария халқы тұрғындар санын 10 миллионмен шектеуге қарсы дауыс берді
- Алматыда трансформаторлық қосалқы станция өртенді