Мәскеу қалалық соты Навальныйды абақтыға жіберді, оған қоса ардагер ісі бойынша айыппұл салынды
Мәскеу қаласының соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға 2014 жылы қылмыстық іс бойынша тағайындалған шартты жазаны бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Енді оны жалпы режимдегі колонияға жіберу бойынша Симонов аудандық сотының шешімі күшіне енбек.
Қалалық сот Алексей Навальныйдың 2014 жылғы 30 желтоқсаннан 2015 жылғы 17 ақпанға дейін үйқамақта болған уақытын және биылғы «Матросская тишина» тергеу абақтысында өткізген бір айын өтелген жаза мерзімі ретінде есептеді. Сонымен Навальный 2 жыл 8 ай емес, 2 жыл 5 ай отыратын болды.
2014 жылы сот Алексей Навальныйға алаяқтық жасаған деген айыппен 3,5 жылға шартты жаза кескен болатын. Оны артынан бес жыл сынақ мерзімінен тағы бір жылға ұзартқан. 2021 жылғы ақпанда Ресей федералдық соты жазаны өтеу қызметінің сұрауы бойынша Навальныйдың шартты жазасын қамау жазасына ауыстырды. Федералдық қызмет саясаткердің жазаны өтеу шартын бұзып, бой тасалағанын алға тартты.
Навальныйдың адвокаттары оның ешкімнен жасырынбай, Германияда емделгенін айтудан танбады. Прокурор бұған қарсы «заңнан үстем болғысы келетінін» айтты. Оның қалаған уақытында емес, өзіне тағайындалған мерзімде бой көрсетіп тұруы керектігін ескеруді сұрады.
Соттағы соңғы сөзінде Навальный Ресейге оралғанына өкінбейтінін, Ресей «азат қана емес, бақытты ел болады» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар 20 ақпан күні Мәскеу соты соғыс ардагері Игнат Артеменкоға жала жабу ісі бойынша Кремль сыншысы Алексей Навальныйға 850 мың рубль (шамамен 4,8 миллион теңге) айыппұл салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық