Мәшһүр Жүсіп Қазақстан болашағын болжаған ба?
Әлеуметтік желіде Мәшһүр Жүсіптің Қазақстанның болашағына қатысты жасаған «болжамын» жиі тарай бастады.
Болжамда «70 жыл құдайсыз қоғам болатыны, сосын 30 жыл ұры-қарылар былықтыратыны, кейін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайтыны» айтылған.
Factcheck-тің мәліметінше, болжам фейк.
– Мәшһүр Жүсіптің дәл осындай көріпкелдігі туралы айтқан беделді тарихшы не зерттеуші пікірі табылмады, ал Жүсіп Көпеевтің шөбересі бұл «болжамға» толық әрі нақты дәлел жоқ екенін жазған. Мұндай ақпаратты бөлісетін және тарататын медиа мен тұлғалар дереккөзді белгілемейді, бірақ кейде Серік Нұрмұратов, Бақытжан Сатершинов, Алмасбек Шағырбаевтың кітабына сілтейді. Біз дәл сол кітаптардан мұндай «болжамның» тарауына себеп болуы мүмкін тіркесті таптық, - делінген жазбада.
Филология ғылымдарының кандидаты , «Мәшһүрдің мұңы» романының авторы Серік Елікбай Factcheck.kz журналисіне, жұрт ішінде М. Жүсіп осындай болжам айтты деген аңыз бар екені рас, бірақ дәлелі жоқ екенін айтты.
– Мұндай пікір бар. Бірақ нақты дәлелі жоқ. Ұрпағы да айта алмайды. Еңбектерінің ішінде жоқ. Аңыз секілді. Ал егер, айтылып, жазылып, жойылып кетсе – амал жоқ, - деп жазды ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық