Мұрат Құсайынов Димаш Құдайбергеннің қайраткер атағын алғанына қарсылық білдірді
Коллаж Orda.kz
«Дос-Мұқасан» ансамбілінің негізін қалаушы, белгілі композитор Мұрат Құсайынов әнші Димаш Құдайбергеннің атақ алуына әлі ерте екенін айтты.
Ол Димаштың шығармашылығына қатысты Менің өмірім бағдарламасында пікір білдірді.
Құсайынов жас әншілердің оңай атақ алуына қарсы екенін алға тартты. Оның айтуынша, әнші атақ алу үшін біраз еңбектену керек.
«Димашты 16 жасынан танимын. Кезінде даусың бар, талантың бар. Сен оқып ал, сахнаға шығуға асықпа деп айтқаным рас. Талай жарыста әділқазы болып, өнерін бағаладым. Елордада бір жарыста бас жүлдені бердік. Кейін Қытайдан табысты болып оралды. Атағы тарады. Қытай жалпы айқай-шуды, шыңғырғанды жақсы көретін халық. Не дегенмен Димаш табыспен оралды. Мен оның таланты барын мойындаймын. Димашқа арнайы бағдарлама керек. Себебі, оны әлем танып отыр. Онымен мәдениет министрлігі жұмыс істеуі керек. Арнайы комиссия құру керек. Алайда министр ешнәрсе істеп жатқан жоқ. Спортқа бөлінген ақшаны да, мәдениетке бөлінге ақшаны да жеп отыр. Жас таланттарға қолдау керек. Димаш, Максим секілді өнерпаздармен арнайы бағдарлама дайындау керек.
Бірақ мен жас әншілердің атақты оңай алғанына қарсымын. Атақ алу үшін көп еңбек керек. Димашқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ол менде ғана бар атақ. Оны қазір бәріне бере беретін болды. Атақтың құны қалмай бара жатқандай. Ол үшін әнші көп еңбектену керек қой» деді «Дос-Мұқасан» ансамбілінің негізін қалаушы.
Еске салсақ, Димаш Құдайбергенов 2019 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық