Мұрат Нұртілеу президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

cover

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Нұртілеу президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалсын» делінген жарлықта.

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды» делінген жарлық мәтінінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар