Мұрат Әбенов әлеуметтік желінің шектелуіне қатысты пікір білдірді
Фото: Ашық дереккөзден
Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Әлеуметтік желіні бұғаттайтын заңды тоқтату керектігіне сенім білдіріп отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік желіні шектеуді қолдап отырған саясаткерлер Ресей мүддесін қорғап отыр.
Желінің шектелуі қоғамда резонанс тудырған. Қоғам белсендісі осыған қатысты пікір білдірді. Ол желіні шектесе, теледидар әсері күшейіп, халық Ресей хабарларын көруге мәжбүр болатынын түсіндірді. Дәлел ретінде жергілікті арналардың көршілерге қарағанда аудиториясы аз, көрермен қызуғышылығы төмен екенін айтты. Оның айтуынша, мұның ақыры қазақ тіліндегі сауатты жаңаша контенттің азаюына әсер етеді.
Мұрат Әбенов Сенат депутаттарына үндеу жолдады.
«Біздің билік үлкен қауіптің алдында тұр. Егер біздің әлеуметтік желіні Ресейдің идеологиясына жығып берсе, оған төтеп беретін тәуелсіз өз ақпараттық арналарымыз дамымаған. Сонда біздің азаматтардың көбісі көршінің саясатына, геосаяси ұстанымына сенетін, қолдайтын болады. Сырттан еш әскер кіргізбей-ақ, басқаруға оңай болады. Қазір Сенатта әлеуметтік желіні бұғаттауға жол беретін заң жобасы қаралып жатыр. Тағы да Сенат депуттатарына айтарым, Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне нұқсан келтіруге жол бермеңіздер! Заңды тоқтату керек. Президент Тоқаев саяси реформалар жайлы жақсы бастамалар жариялады. Оны көпшілік қоғам қолдады» деді Әбенов.
Сондай-ақ, қоғам қайраткері шектелген желі «Жаңа Қазақстан» ұстанымына қайшы екендігін алға тартты.
«Менің ойымша, бұл бастамалар «Ескі Қазақстанға» қайтарғысы келеді, Президент Тоқаевтың жаңа бастамаларына қарсы саяси топтардың әрекеті. Бір қолмен саяси бәсекелестікті бастап, екінші қолмен ақпараттық ашықтықты шектеу – бір-біріне қарсы ұстанымдар. Мемлекет басшысы бастаған «Жаңа Қазақстан» идеологиясына мүлдем сәйкес келмейтін ескі көзқарастағы заң жобасы. Керісінше, Президент Тоқаевтың халыққа ұсынған «Жаңа Қазақстан» идеологиясын іске асыру үшін бізге әлеуметттік желіні кең пайдалану керек.
Жастардың 87%-ы теледидарды мүлдем көрмейді. Қайтадан оларды мәжбүрлеп көгілдір экранның алдына отырғыза алмаймыз. Сол себептен, мемлекет тарапынан әлеуметік желіге арнап жаңа контент шығару керек. Бәсекелестікке төтеп бере алатын, ұлттық мүддені алға қоятын сауатты дүниелер жасауға мемлекеттік мүмкіндікті бағыттау қажет. Әлеуметтік желіні бұғаттайтын заңды тоқтату керек» деп жазды Мұрат Әбенов Facebook парақшасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық