Мәнерлеп сырғанаушы Тұрсынбаева анасының сыны үшін кешірім сұрады
Фото: sports.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Элизабет Тұрсынбаева қазақстандық мәнерлеп сырғанау туралы анасының айтқан өткір сөзіне түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Егер анамның сөздері біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, біз қазір бөлекпіз: ол Мәскеуде, мен Қазақстанда. Мен жағдайды басқара алмадым. Осылай болып қалды. Мен оны әлі де ештеңеге қарамастан жақсы көремін. Қазір, артық айтып қойдым деп уайымдап отырған болар, - деп жазды Элизабет Тұрсынбаева Instagram парақшасында.
Ол анасы тік мінезді, «ойындағыны ашық айтатын» адам ретінде суреттеді.
– Біз бәріміз бірдей ойлап, сезінуге міндетті емеспіз. Әркім әртүрлі ойлайды. Әркім өз ойымен бөлісуге тиіс. Сіз біреудің кебісін кимейінше, оның не сезінетінін білмейсіз. Ата-аналар, әсіресе, аналар балаларына шын жүректен қолдау көрсетеді, - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.
Спортшы Ұлттық Олимпиада комитетіне, Қызылорда облысының басшылығына және Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне кәсіби мансабында қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
– Менде қазір бәрі жақсы. Қазақстанның атынан әлемдік аренада өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе болды, - деп жазды Тұрсынбаева.
Ол жазылушылар мен әлеуметтік желінің басқа қолданушыларынан уақытты босқа өткізбеуді және өз парақшасына теріс пікір жазбауды сұрады.
Мансабын аяқтаған спортшы
Еске салсақ, бір күн бұрын спортшының анасы Падишахан Сұлтаналиева Match телеарнасына сұхбат берді. Оның айтуынша, бір кездері отбасы Элизабет Олимпиадада Ресейдің емес, Қазақстанның атынан сырғанауы керек деген шешім қабылдаған.
– Біз мәнерлеп сырғанау жоқ елдің атынан шығу қиын екенін білмедік. Егер мәнерлеп сырғанау бойынша әлемдік аренада бағаланбасаңыз, бұл нағыз тозақ. Біздің төрешілер де, техникалық бақылаушылар да жоқ, сахна сыртындағы қолдауды айтпағанда, - деді Падишахан Сұлтаналиева.
21 қыркүйек Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау мансабын аяқтады. Спортшы белінде бұрыннан келе жатқан жарақатты емдей алмаған. Бірақ ол Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға ниетті.
– Құрметті жанкүйерлер, мен кәсіби спортшы ретіндегі карьерамды аяқтауды шештім. Бұл жаңалықты сіздермен бөлісу мен үшін оңай емес... Көпшілік белімнің көптен бері мазалап жүргенін біледі. Өкінішке орай, мен бұл жарақатты соңына дейін емдей алмадым, «осыған байланысты толыққанды жаттығулар мүмкін болмады. Мен үшін бұл жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, - деп жазды ол Instagram-да.
Қазіргі Тұрсынбаева Қазақстанда жыл соңына дейін жұмыс істейді. Балаларға көмектесіп, оларды шабыттандырып, олармен тәжірибе алмасады.
Элизабет Тұрсынбаева - 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы. Ол ресми жарыста төрттен секіруді (сальхоу) орындаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы болды. Бұл 2019 жылғы әлем чемпионатында орын алды. Онда Элизабет ресейлік Алина Загитова (алтын) мен Евгения Медведева (қола) арасындағы жеңіс тұғырынан көрінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық