Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мансабын аяқтайды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы, бар болғаны 21 жасар Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабының аяқталғанын мәлім етті.
Бұл туралы 21 жастағы спортшы Instagram парақшасында жариялады.
— Құрметті жанкүйерлер, мен кәсіби спортшы ретіндегі мансабымды аяқтауды шештім. Бұл жаңалықты сіздермен бөлісу оңай емес. Сіздердің көпшілігіңіз арқамның ұзақ уақыт бойы мені мазалап жүргенін білесіздер. Өкінішке қарай, бұл жарақат соңына дейін емдей алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай кетті, – деп жазды ол.
Спортшы мансабының аяқталғанына өкінбейтінін, керісінше жаңа өмір бастайтынын да жеткізді.
— Қазіргі уақытта мен Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, оларды шабыттандырып, өз тәжірибеммен бөлісемін. Мен әрдайым өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келді және қазір маған осы мүмкіндік түсіп отыр, – деді спортшы.
Сонымен қатар ол ата-анасына, Қызылорда облысының басшылығы, Ұлттық Олимпиада комитеті, Спорт және мәдениет министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғысы білдірді.
— Тутберидзенің барлық жаттықтырушылар штабы Этери Георгиевна, Сергей Викторович және Даниил Марковичке-менімен бірге атқарған жұмысы үшін, мансабымдағы тарихи сәттері үшін, маған деген сенімі үшін, үздік бағдарламалары үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен бұрын-соңды жұмыс істеген әр жаттықтырушыға алғыс айтқым келеді. Енді менің болашақ ұрпағыммен бөлісе алатын баға жетпес тәжірибем бар, – деп жазды спортшы.
Спортшы өзінің халықаралық аренаға 2011 жылы келгенін, одан бері он жыл өткенін. 50-ден астам халықаралық жарыс (Азия ойындары, жасөспірімдер олимпиадасы, Дүниежүзілік қысқы универсиада, Төрт құрлық чемпионаттары, Әлем чемпионаттары, Олимпиада және басқа да халықаралық старттар) және әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, 39 медальдің иегері болғанын жазды.
Ол осы 16 жыл ішінде жетістік те, жеңіліс те, жарақат та болғанын, жанкүйерлерінің шынайы қолдаулары шабыттандырғанын еске алды. Халқының қолдауына ризашылық білдірген мәнерлеп сырғанаушы, болашақта да халықпен бірге екендігін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық