МӘМС жүйесі бойынша қосымша төлем жасаудың қажеті жоқ
Егер сізден медициналық мекемелерде шығын материалдары үшін қосымша ақы сұралса, емделушілерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қосымша төлем жасамау керек: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша немесе МӘМС жүйесінде медициналық көмек алатын пациенттер үшін нені білу керек екенін талдап көрдік.
Пациенттер тегін медициналық көмектің кепілдік (ТМКК) немесе МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмек үшін қосымша ақы төлеуге міндетті емес, деп еске салады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан филиалының баспасөз қызметі.
Мәселен, пациенттерден белгілі бір медициналық қызмет үшін тегін медициналық көмектің кепілдік (ТМКК) немесе МӘМС жүйесінде қарастырылған шығыс материалдары немесе дәрі-дәрмектер үшін қосымша ақы сұралған жағдайда, оны төлеуге тиісті емессіз. Неге екенін түсну үшін мамандар мысалдарына құлақ асайық.
1. Сізден МРТ, КТ немесе рентгендік зерттеу нәтижелері бар диск немесе пленка үшін қосымша ақы сұралады. Рентгендік зерттеудің, компьютерлік немесе магнитті-резонанстық томографияның нәтижелерін жазуға арналған пленка мен диск үшін пациентке қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Бұл шығындар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі немесе міндетті медициналық сақтандыру есебінен көрсетілетін қызметтердің құнын қалыптастыру кезінде ескеріледі.
Тікелей шығындарға қызмет көрсету, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, қызмет көрсету, оның ішінде пленка шығындары кіретін болса, онда үстеме шығындарға кеңсе тауарлары, коммуналдық шығындар, соның ішінде дискілер де жатады.
2. Сізден кейбір шығын материалдары үшін бөлек төлеуді сұралуы мүмкін. Мысалы, кеуде қуысының пункциясы кезінде ине үшін немесе емханадан төлем үшін кепілдік хатты талап етеді. Емханамен медициналық қызметтер көрсетуге бірлесіп орындау шартын жасасқан бірлескен орындаушы емханадан немесе пациенттің өзінен Ереженің 34-тармағына сәйкес шығыс материалдарына қосымша шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген қызметтерге ақы төленген.
Сондықтан мұндай талаптың кез келгені заңсыз болып табылады. Стернальды пункцияға арналған инее туралы айтатын болсақ, ол да қызмет құнына кіреді және толығымен МӘМС есебінен қамтамасыз етіледі.
3. Сізден дәрі-дәрмекті күндізгі стационарға әкелуіңізді немесе сол жерде төлеуіңіз сұралуы мүмкін. Мұны істеудің қажеті жоқ. Негізгі ауруды стационарды алмастыратын жағдайларда, яғни күндізгі стационарда емдеуді алсақ, егер емдеуші дәрігердің жолдамасы болса, толығымен мемлекеттік міндетті медициналық көмек және/немесе міндетті медициналық сақтандыру есебінен жүзеге асырылады. Ал ол өз кезегінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін беруді қамтамасыз етеді.
Егер сізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе керек-жарақтар үшін қосымша ақы сұралса, Пациенттерге қызмет көрсету орталығына немесе Медициналық сақтандыру қорына хабарласыңыз:
• Qoldau мобильді қосымшасы 24/7;
• Telegram боты @saqtandyrybot;
• 1406 байланыс орталығы;
• Қордың fms.kz сайты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық