Мөлдір Әуелбекова ұлына ана тілін құрметтеуді қалай үйрететінін айтты
Фото: Instagram
Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тіл тақырыбын көтеріп, осы мәселеге қатысты өз ойымен бөлісті.
Оның отбасында қазақ тілінен басқа тілде сөйлеуге тыйым салынған.
Әнші ана тілін барынша құрметтеуге шақырып, ата-анадан алған тәлім-тәрбиені балаларының бойына сіңіретінін жеткізді.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әлі атамыздың сөзін, ел келешегіне жаны ашитын адам ғана түсінетін шығар. Тіл мәселесінде ар - ол сенің келешек ұрпағың үшін жауапкершілік! Сен дәл осы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз Ана тіліңді қорғай аласың ба? Иә! Әрине! Намысың болса қорғайсың! Әрқайсысымыз өзімізден, отбасымыздан бастайық!
Біз үйде, өзге тілде мүлдем сөйлемейміз. Себебі, рұқсат жоқ. Әкем бірден тілімізді тияды. Шаңырақта өз тілімізге құрмет болуы заңдылық. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ол солай болған және бұйырса, солай болады да. Есесіне, балаларымыз да, дәл сондай. Олар естігенін айтады, көргенін істейді» деді әртіс.
Мөлдір балаларын ана тілін құрметтеуге қалай үйрететінін айтып берді.
«Бірде дүкенге бардық. Балам орысша жақсы білетіндіктен: «Мама купи мне эту игрушку, пожалуйста. Она мне очень нравится!» деді. Бірден, өз әдетіме салып, қаталдық танытып: «Сөйлеме орысша! Немене қазақ тілін үйретпеген бе, едім?!» деп ұрыса қалдым! Әнші болғасын дауысым жарқын шықты. Жан жағымдағылар қарап, естіп, пікір білдіріп жатты. «Зачем так, из за языка ругать ребенка» дегендей. Осыны айтып тұрған өзімізідің қаракөз келіншектер. Ананы естіп, (мен де қоймаймын ғой) :«Енді менің жанымда орысша сөйлесең, тіліңді суырам!!!» дедім. Олар біртүрлі қарап, бірдемелер мыңғырлап жан жаққа кетті. Өзім болсам, тілімді мақтан тұтып, риза болдым сол жерде! Тілімізді құрметтейік» деп түйіндеді сөзін әнші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық