Мәйітті аулада жасырған: Атырауда экс-полицей туған ағасын өлтірді
Атырау облысы Индербор кентінде бұрынғы полция қызметкері туған ағасын өлтіріп, оның жансыз денесін ауласында жасырған.
Астана телеарнасының хабарлауынша, мәйітті марқұмның баласы 3 ай өткен соң іздеу салып, тапқан.
Куәгерлердің айтуынша, ағайындылар ішімдік ішіп, жанжалдасып қалған. Ал күдікті бауырының денесін ауласындағы қоқыс тастайтын шұңқырға лақтырып жіберген.
– «Жеңіс солай істеді ме?» деп шошып кеттік. Оның үйіне кіруге тіптен қорықтық. Осы жерде 15 машина тұрды. Атыраудан эксперттер, прокурорлар келді. Ол сондайға барады деп ойламаймын. Бірақ адам барып тұр ғой. Ішкендіктен болған шығар сол. Ішіп жүрді. Сосын марқұмның да тілі ащы кісі еді. Ұрынған болар. Өлген кісі туралы жаман айтуға да болмайды, күнә, - деді куәгерлердің бірі Гүлшат Жантасова.
Белгілі болғандай, марқұмның інісі өз шаңырағында тұратын. Ол – зейнет демалысындағы бұрынғы полицей. Ағасы шаруа қожалығында мал бағып, арасында қонақтайтын. Соңғы рет інісінің үйіне 20 қыркүйекте келген. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
– Өте жақсы адам. Отставкада, зейнетке шыққан жігіт. Ол майор дәрежесінде пенсияға шықты ғой, - деді күдіктінің көршісі Амандық Қалиев.
Кент әкімінің айтуынша, марқұм ауылда сирек көрінетін. Оның әлеуметтік жағдайы төмен болған, бірақ ешқашан көмек сұрамаған.
– Бұл кісі 65-тің үстіне шығып кеткен кісі. Ол қырда болған соң ауылдан көрмейміз. Естуімізше, ішімдікке жақындығы болған. Көп балалы әке. Жағдайы кішкене төмен, - деді Индербор кентінің әкімі Асхат Айтмұратов.
Қазір жергілікті аудандық полициясында «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Марқұмның балалары ағасының жауапқа тартылуына қарсы.
– Жоқ. Ол кісі – ағам, ана кісі – әкем. Ажал солай келіп тұрса, оған кім қарсы тұрады? Кім кедергі жасай алады. Шок қой. Автоматты түрде кеткен өлтіріп алғаннан кейін. Не істеп, не қойғанын білмейді. Бізге айтты сөйтіп қойдым, бүйтіп қойдым деп, - деп түсіндірді марқұмның ұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық