Мәйітхана директоры пара алып қана қоймай, ақша жымқырды
Алматы мәйітханасының директоры Бақытжан Әлібеков пара алып қана қоймай, мемлекеттік бюджеттен 4,5 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық патоанатомиялық бюроның директоры Әлібековке қатысты тергеуді аяқтады.Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша 4,5 млн теңге қаражат жымқырды. Ақшаны қолды ету үшін ол «Veritas Primus» ЖШС-н заңға қарсы болса да құрды, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Бақытжан Әлібеков алматылық кәсіпкерден Алматы қалалық патоанатомиялық бюросы салынып жатқан жаңа ғимаратқа медициналық құрал-жабдықтар жеткізуге қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою үшін 14 млн теңге пара алды деп күдіктелуде.
– Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта. Күдікті Әлібековтің кінәсіне қатысты соңғы шешімді сот шығарады, деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Еске салсақ, Алматы мәйітханасының директоры Бақытжан Әлібеков өткен жылдың қазан айында қамауға алынды. Кейіннен ол қажетті жабдықты қабылдағаны туралы актілерге қол қойғаны үшін пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық