Мұхтар Жәкішев саясатқа оралуға дайын екенін айтты
фото: видеодан кадр
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішев қайтадан ұлттық компания басқаруға немесе кеңесші лауазымына шақыру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.
Арманжан Байтасовтың YouTube арнасы берген сұхбатында Мұхтар Жәкішев саясатқа бір ғана талабы орындалса қайтып келетіні туралы айтты.
– Тек бір жағдайда... Егер менің жұмысым реформаларға қызмет ететін болса ғана келемін. Егер мені қоғамды тыныштандыруға шақырса, сенетін адамның символы және т.б. Егер менің шақыруымның осындай себебі болса – онда жоқ. Мен мүлдем келіспеймін. Менде жалғыз ғана нәрсе бар – менің білімім мен беделім.
Мен жұмыс істегенсіп отыру үшін немесе қандай да бір лауазым алу үшін білімім мен беделімді салғым келмейді. Мені лауазым қызықтырмайды. Ешқашан қызықтырмаған. Қазір тіпті де қызықтырмайды. Егер елдің игілігі үшін істелетін жұмыс болса, егер ол реформалауға әкелетін болса – мен дайынмын. Бірақ бос сөз болса, мен оған уақыт жұмсамағым келмейді, – деді Мұхтар Жәкішев.
Сонымен қатар, реформа жүргізу үшін команда керек екенін атап өтті.
– Әрине, команда қажет. Себебі бір адам бәрін қадағалай алмайды. Жауапкершілікті бөлу қажет. Авторитарлық жүйелерде өз артықшылықтары бар. Саакашвили айтқандай «реформалар – тез бұзылатын тауар». Авторитарлық елдерде реформалар жасау әлдеқайда оңай. Келісу қажет елдерге қарағанда оңай. Маған Украинада жұмыс істеген кезде Марғұланның (Сейсембай) сөзі ұнады. Ол өзі үшін: «үстемдік, биліктің авторотоизмі немесе заңның автороторизмі қажет» деген тұжырым жасады. Екеуі де Украинада жоқ. Президенттің реформаларды жасауда билігі жоқ және бұны парламент арқылы қажетті мерзімде істеу үшін заңның үстемдігі жоқ.
Біздің жағдайымызда президенттің қолында орасан зор билік шоғырланғанын білеміз. Реформаларды жүргізу тұрғысынан бұл үлкен плюс. Күніне 50 жарлыққа қол қойып, елді өзгертуге болады. Тек бір сұрақ туындайды. Қандай жарлықтарға қол қою керек және жауапкершілікті кімге беру керек?, – деп түйіндеді Жәкішев.
Еске салсақ, 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының қылмыстық соты «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бас бостандығынан айыру орындарында ол 11 жыл болды.
2009 жылдан бастап Жәкішев пен оның жақтастары сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылды.
Кейбір қазақстандық құқық қорғаушылардың пікірінше, Жәкішев 2009 жылы Қазақстаннан кеткен бұрынғы банкир және қазақстандық биліктің сыншысы Мұхтар Әбіләзовпен достық қарым-қатынасы үшін қылмыстық қудалауға ұшырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық