Мұхтар Жәкішев ешкім қол сұға алмайтын пайда көзін құру идеясымен бөлісті
Фото: ашық дереккөзден
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев Қазақстанның жылына 600 млн доллар табыс табатын және ешкімнің меншігіне айналмайтын бизнес туралы айтты.
Ол пайымдауларымен Алматыда өткен Шаңырақ бизнес-форумында бөлісті. Ол өз сөзінде Қазақстанда биткоиннің экспорттық түсімінен еш табыс жоқ екеніне таңқалды.
«Жақында жасырын майнинг фермалардың көптеген техникасы анықталғаны туралы жаңалық болды. Менің ойымша: үкімет оны аукционда сатудан әрі ойлай алмайды. Осы ретте неге деген заңды сұрақ туындайды. Бұл жабдықты біреу пайда қылам деп сатып алды ғой. Мүмкін оңтайлы жолды таңдап, квазимемлекеттік компания құру қажет шығар» деді ол.
Оның айтуынша, квазимемлекеттік компаниялар екіұшты беделге ие болғанымен, биткоин жағдайында олардың жұмысы мүлдем ашық болады. Себебі криптовалютаны ұрлау мүмкін емес.
«Біз техниканы жеткізіп, осы құрылғылардың барлығын іске қосамыз, қазынадан арнайы шот ашамыз да майнингтен түскен пайда тікелей ел бюджетіне түсіп отырады. Ешбір дәрежелі ағамыз бұл қоржынға қол сұға алмайды. Бұл мүмкін емес: мұнда электр энергиясы болса, онда биткоин. Жарты жолдан қосылып, ешкім ақшаға ауыз сала алмайды» деп сендірді Жәкішев.
Сондай-ақ, ол Қазақстан тәркілеген техниканың өзі жылына шамамен 600 млн АҚШ доллары көлемінде пайда таба алатынын еске салды.
Еске салсақ, 2010 жылы Қазатомөнеркәсіп ҰАК-ның экс-басшысы Мұхтар Жәкішев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен 14 жылға сотталған. Ол 2020 жылдың наурыз айында Семей қаласының №2 соты оны мерзімінен бұрын босату туралы өтінішімен шартты түрде босатқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық