Мұхтар Тайжан: Егер мен премьер-министр болсам...
Белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжанның авторлығымен «Бетбұрыс» атты подкаст-жоба басталды. Сөз алған Мұхтар Тайжан президенттің «қосалқы құрам тар» деген пікірімен келіспейтіндігінен бастап, өзі еліміздің премьер-министрі болса, қандай мәселелерді қолға алатынын жеткізді.
- Біріншіден, мен жер мәселесінен бастар едім. Өйткені, халқымыздың тең жартысы ауылда тұрып жатыр. Ауылдың күнкөрісі өте ауыр. «Қанды қаңтар» оқиғасы ең наразы, күнкөрісі төмен жастар ауылда тұрып жатқанын көрсетті. Сол үшін шаруаны ауылдан бастау керек. Оған жер қажет. Үкіметте, мемлекетте бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік бар. Мен космомониторинг пен цифрлы мониторингті айтып отырмын. Ниет қана жетпейді. Неге? Былтыр сапархан Омаров мырза, одан кейін Ербол Қарашөкеев мырза космомониторинг пен цифрлы мониторингке қасақана кедергі жасап, жайылымдарды босатпады. Соның салдарынан былтыр бірде бір гектар жер босатылған жоқ. Бұл – ауыл халқына қиянат. Қазақстанда жайылым жеткілікті. Өркениетті технологиялар бізде 40 миллион гектардан астам жайылымдардың бос тұрғанын көрсетіп отыр. Осы көктемде кем дегенде осы көлемнің жарты бөлігін босатып, ауыл халқына қолжетімді қылар едік. Жайылым пайдалы болса, ауылдағы миллиондаған халық малдың арқасында жақсы өмір сүрер еді, - дейді ол.
Мұхтар Тайжан премьер-министр болса, өзінің екінші миссиясы ретінде «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын жоюды атады. Ол әл-ауқат қорының құрамындағы монополистік әрекетке барып отырған ұлттық компанияларды профильді министрліктерге бағынысты етуді дұрыс деп санайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық