Мұхамеджан Тазабек «заңсыз әйел» алуға қатысты пікір білдірді
Көпшіліктің назарынан таса қалмайтын қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек «Талқылайық» бағдарламасында өзіне қатысты сыбысқа жауап берді.
– Менің бір ғана әйелімнен алты балам бар. Бір ғана заңды әйелім бар. Екі-үш әйелі бар деген жалған әңгіме. Бар нәрсені жоқ деп жалтармаймын ғой. Тоқал алатын жоспарым да жоқ. Егер тағдырға жазылған болса, онда болады. Егер қуып жүрсең де, сол нәрсені аңсап жүрсең де, маңдайыңа жазылмаса, онда ол болмайды. Менің әртүрлі миссиям бар. Қоғам қайраткері ретінде, отбасындағы мақсатым бар. Отбасында жақсы әке болу, жақсы күйеу болу. Жақсы адамға тұрмысқа шыққан екенмін деп әйелің сүйсінетін жолдас болу. Сонымен қатар қоғамға пайдаңды тигізу, - деді Тазабек.
Ол өзінің дін жолында қателессе де, адаспағанын алға тартты.
– Мен адасқан жоқпын. Мен қателестім. Қателік барлық адамда өмірінің соңына дейін болады. Сауд Арабиясына да өз еркіммен танысу, білу мақсатында барған адаммын. Мені ешкім зорлаған жоқ. Тек дінге қатысты кейбір мазалаған сұрақтарға кей молдалар жауап бере алмады. Кейін сырттан оқып келгендер бәрін түсіндіріп берді. Сонда бәріне жауап тапқандай болдым. Мұсылмандар діни басқармасымен біргемін. Бір ұстанымдамыз, - деді айтыскер.
Мұхамеджан Тазабек журналистің «саясат дінге араласа ма?» деген сауалына да жауап берді.
– Саясат барлық жерге араласады. Саған да, маған да, діни басқармаға да, басқа салаға да. Оны жоққа шығаруға болмайды, - деді Тазабек.
Ол Қазақстан тарихындағы әр мүфтидің еңбегі елеулі екенін айта отырып, өзін мүфти болуға лайықты емес деп санайтынын алға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық