Мұхамеджан Тазабек Мақпал Жүнісованың неге сәлем салғанын түсіндірді
Желіде әнші Мақпал Жүнісованың айтыскер Мұхамеджан Тазабекке сәлем салғаны қызу талқыға түсті.
Суретке Тазабектің өзі түсініктеме берді.
«Бүгін Мақпал жеңгемізбен бірге түскен суретіміз хит боп, талқыланып жатыр екен. Жауап жазуға енді мүмкіндік тауып жатырмын.
«Мұхамеджан пір боп кеткен бе, неге үлкен кісі иіліп тұр» немесе «ыңғайсыз сәтті тосыннан түсірген шығар» дегендей әртүрлі жорамалдар айтылып жатыр екен. Бірден айтайын, «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» демей ме, Заманбек ағам мен Мақпал жеңгем үйленгенде бетін өзім ашқам, арнаумен дастарханды дүрілдетіп, Қазақтың Мақпалының тойын маздаған оттай лаулатқанбыз.
Алматының игі жақсылары куә боп, Фариза апаларымыз бата беріп, керемет кеш өткізгенбіз. Ол күнгідей Заманбек ағамның ерекше қуанған, жүрегі жарыла шаттанғанын одан кейін көрген емеспін» деп жазды Мұхамеджан Тазабек.
Оның айтуынша, әнші Мақпал екеуінің арасында сол күннен бері ізет білдіру әдет болған.
«Содан бері, ардақты ағамның құрметі үшін, қайнылық қақымды құрметпен өтеп, асыл жеңгем көрген жерде ізет жасайды, ілтипатпен ерекше сәлемдесеміз. Оның еш ерсілігі жоқ деп ойлаймын. Қазақта қайнысы мен жеңгенің еркелігі жарасқан ерекше сыйластығы болған. Аллаға шүкір, сол жолдан, сол сыйластықтан жаңылған жеріміз жоқ. Дәстүрлі тәрбие көрген, қанша елге танымал алтын басты апа болса да, қазақи жолдан жаңылмай, үлкенді де, кішіні де сыйлап жүрген, елдің еркесі - Мақпал жеңгеме Алланың нұры жаусын!» деді Тазабек.
Ол кезінде марқұм Заманбек Нұрқаділов оның өнерін бағалағанын алға тартты. Айтыскердің айтуынша, марқұм Заманбек Нұрқаділов Тазабектің айтыстағы жанкүйерлерінің бірі болған.
«Заманының сұңқары Заманбек ағамыз айтысымды қатты құрметтейтін еді. Мақпал жеңгеммен арнайы кеп, талай жыр додамызда тақым қысып, рух беріп отыратын. Тіптен, 1999 жылы Қарасайдың 400 жылдық мерейтойлық айтысында өз қолынан ақ волга мінгізіп, абыройымызды аспандатқан. Талай төріне отырғызып, термемізді тыңдап, жырымызға жүрек жылытып, қазақ өнеріне қамқор боп жүруші еді. Алла артында қалған Мерейінің бақытын ашсын!» деді айтыскер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық