Мүгедек баласы бар ата-аналар қол арбамен акция өткізді
16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі алдына оншақты ата-ана қол арба сүйреп келді. Олар осылай мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың баспана мәселесіне назар аудартпақшы болып, акцияға шыққан.
«Біз әкімнен пәтер емес, жеке қабылдауын сұрадық. Қала әкімі ретінде осы мәселені шешу үшін қандай да бір шара қолдануын сұрағанбыз. Бірақ жауап жоқ. Бір қызығы, біз барсақ қабылдамайды. Ал осындай шараларға шыға бастасақ бірден «әңгімеге» шақыра бастайды. Бұл биліктің оны нұқыған кезде ғана қозғала бастайтынын дәлелдейді. Егер итермесең, билік жылы креслосынан қозғалмайды. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың қандай жағдайда тұрып жатқанын білмейді», - деді ата-аналарға құқықтық қолдау көрсетіп жүрген азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.
Наразылардың айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңның 13-бабы бойынша 1 және 2-топтағы мүгедектердің тұрғын үйді тегін алу құқығы бар екен. Бірақ бұл заң іс жүзінде орындалмайды. Шара кезінде белсенді Болатбек Біләлов «мүгедектерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жүйелі түрде қарастырылғанын талап етеміз, әрбір шенеунік өзінің өкілетіне сай міндетін атқарсын, әкім бізді қабылдасын» деген талабын айтты.
Оларға әкімдіктен ешкім шыққан жоқ. Бірақ билікке жақын деп сипатталатын «Қазақстанның азаматтық альянс» ұйымының өкілі Гамал Түзелбаев келіп, әкімдік жанынан үйлестіру кеңесі құрылғанын, ата-аналарға сол жерде ұсыныстарын айта алатынын жеткізді.
Бірақ ашулы ата-аналар оны тыңдамай, қол арбамен әкімдік алдынан жүріп өтіп, акцияларын жалғастырды.
Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өз ведомствосының мүгедек жандардың мәселесін қалай шешіп отырғаны туралы есеп беріп, 2025 жылға дейін 64 шарадан тұратын ұлттық жоспарды жүзеге асырып жатқанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық