Мүфтият қабірді қайта ашуға рұқсат берді
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы шариғат бойынша қабірді қайта ашуға болатынын түсіндірді.
«Шариғатымызда қабірді бекер ашса, ол харам болады. Үлкен күнә болады. Қабір тек зәру жағдайда ғана ашылады. Мысалы, жерленген мәйіт жатқан жерді су басса, яғни мәйіт судың астында қалса немесе ол біреудің меншігіндегі жерде жерленсе, жер иелері «мына мәйітті алып кет» десе. Үшінші жағдай, қылмыстық істі анықтау үшін қабірді ашуға мәжбүр болса, бәрі соған келіп тірелсе, сонда ғана қабірді ашуға шариғатымыз рұқсат береді. Ал басқа жағдайда ондай зәрулік болмаса, қажеттілік тумаса жатқан мәйіттің қабірін ашу шариғатымызда харам, үлкен күнә» деді ол.
Еске салсақ, Алматыдағы бүлік кезінде оққа ұшқан азаматтар жер қойнына тапсырылғаннан кейін араға екі апта салып, сот шешімімен қайта қазып алып жатыр.
Марқұмдардың жақындары шарасыздықтан бейіт басын күзетуді қолға алған. Оған халық наразылықтарын білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық