Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың басы тағы да дауға қалды
Коллаж Orda.kz
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың басы тағы да дауға қалды. Ол жергілікті телеарналардағы бассыздықты тоқтату туралы өтінішпен шыққан аналардың біріне «Ұнамаса, көрмей-ақ қой!» деп жауап берді.
Белгілі болғандай бұл жағдай Түркістан қаласындағы кездесулердің бірінде орын алған.
«Жағаны ұстатқан видео үзіндісінде егде жасқа келген, ақ жаулықты аналардың бірі Мәдениет және спорт министріне республикалық телеарналарда менталитетімізге әсер ететін, ұлттық құндылық, тәлім-тәрбиеге жат, интрига, меланхолия және трагедияға толы үнді сериалдарына тоқтау салу қажеттілігін атап, қазақ елін толғандырып жүрген мәселені көтерген. Осы орайда ұлттық құндылықтарды ойлағысы келмейтін арналарға өкпемізді артып жүргенде, ҚР Мәдениет және Спорт министрінің «ұнамаса пультты ауыстырып жіберіңіз»,-деген жауабы мәдениетінен ары аттап, айды аспанға бірақ шығарғандай болды.
Хош! Министр айтқандай пультты басқа арнаға ауыстырдық делік?! Руханиятқа бай һәм білімді насихаттайтын «Білім және Мәдениет» арнасын неге құртып жіберді?! Неге жауып тастады? Білім және Мәдениет» арнасының өмір сүруге құқы бар еді ғой? Әлде мәдениетті «Бір болайық», «Қослайық» секілді мағынасыз, арзан ойынға ұласқан шоу-бизнес деп түсіне ме?! Немесе өзге елдің өнімі қазақ арналарында көрсетілмесін, тыйым жоқ деген ұстаныммен өзге елдің сериалдарын насихаттау ма?! Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын телеарнадағы – тәрбие құралы қайда?!» деп жазды журналист Салтанат Есенқұл.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық