Мәдениет министрлігі «Дикий Арманға» қатысты пікір білдірді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында «Дикий Арман» атты қылмыскерлер беделдісі не істеп жүргені туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің көмекшісі желіде тараған видеода оған ақшаға ұқсас бір буманы береді. Ал Жұмагелдиев боксшылармен қол алысып сол буманы спортшыларға ұстатады. Видеоның сипаттамасында «Дикий Арманның» турнирде жеңілген қазақ боксшыларына екі мың доллардан таратты деп жазылған.
Министрліктің айтуынша, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының кейбір спортшыларына ақша беру «бұл азаматтың жеке бастамасы». Жұмагелдиевтің Қазақстан бокс федерациясының да, Мәдениет және спорт министрлігінің де қызметкері емес екені түсіндірілді.
«Қазақстан бокс федерациясына спортшылардың дайындығы, қазақстандық бокс делегациясының басшылығы мен қолдауы және олардың Белградтағы байланысы жүктеледі. Федерацияның басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы Сербияда орналасқан. Министрлік ресми сауал жолдады. Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесе отырып, бокстан ұлттық құрамалардың спортшыларын сапалы дайындау үшін барлық жағдай жасады, деді министрліктің баспасөз қызметі.
Олардың айтуынша, бокстан ұлттық құраманың дайындығы, жаттығулары мен халықаралық жарыстарға 2019-2021 жылдарға бюджеттен 1,5 миллиард теңгеден астам (3,5 миллион доллар) бөлінген. Сондай-ақ, әртүрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарында жеңіске жету үшін, соның ішінде әлем чемпионаттарында келесі мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:
- 1 орын – 15 мың доллар;
- 2 орын – 7 мың доллар;
- 3 орын – 5 мың доллар.
Сондай-ақ олардың жаттықтырушылары келесі өлшемде:
- 1 орын – 10 мың доллар;
- 2 орын – 5 мың доллар;
- 3-орын – 3 мың доллар түрінде сыйақы алады.
Кейін Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев Арман Жұмагелдиевпен бірге түскен видеосын жариялады.
Еске салсақ, 2019 жылдың күзінде қылмыс әлемінің беделдісі Дикий Арман туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Ал осы жылдың жазында Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері оны ұстап, Жұмагелдиевпен профилактикалық әңгіме жүргізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық