Мәдениет қайраткерлері Тоқаевтан Боранбаевқа араша сұрады
Фото: Orda.kz
Мәдениет қайраткерлерi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу iсiне араласуын сұрап, президент Тоқаевқа ашық хат жазды.
Ашық хатта мәдениет қайраткерлері президентке алғыстарын айтып, елдегі азаматтарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы жазған. Сондай-ақ, онда Қайрат Боранбаевтың қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлесін қосқан меценат екені атап көрсетілген.
«Біздер, төмендегі көрсетілген өнер өкілдері – қазіргі кезде басына іс түсіп, тергеліп жатқан Боранбаев Қайрат Советайұлының ісінің объективті түрде ашық және жеңіл болуына қамқоршы болуыңызды өтіне сұраймыз» делінген ашық хатта.
Ашық хатқа Роза Рымбаева, Байғали Серкебаев, Дильназ Ахмадиева, Сүндет Байғожин, т.б. өнер өкілдері қол қойған.
Еске салсақ, Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша Боранбаев Қайрат Советайұлына қылмыстық іс қозғаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық