Мұғалімдерді сырттай жұмысқа тартқан білім бөлімдерінің басшылары жазаланады
Мұғалімдерді сырттай жұмысқа тартқаны үшін мектеп әкімшілігі ғана емес, білім бөлімінің басшылары да жазаланатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Келесі жолы мектеп директорын жауапқа тартпаймыз. Білім басқармасының басшысын, содан кейін басқарма басшысын жауапқа тарту мәселесін көтереміз», - деді Аймағамбетов.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат мәжілісінде мұғалімдер сырттай жұмысқа тартылса, тек мектеп басшылығы ғана жауапкершілікке тартылмайтынн айтты.
«Бұған директорлар мен оқу ісінің меңгерушілерін ғана емес, бөлім басшыларын да тарту қажет. Бұл тиісті қала немесе облыстағы бұған жауапты адамның жүйелі қателігін білдіреді» деді Асхат Аймағамбетов.
«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген кәсіптік міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
«Мұғалім өзінің тікелей жұмысымен айналысуы керек» деп қосты Білім және ғылым министрі.
Мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмысқа тарту фактілері бойынша екі жыл ішінде 200-ден астам әкімшілік іс қозғалып, оларға қатысты шаралар қабылданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық