Мұғалімдер Тоқаевтан Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» пәнін қалдыруды сұрауда
17 ақпанда келесі оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәні мектептерде факультативтік болып, таңдау пәні болуы мүмкін екені белгілі болды.
Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған Ұлттық академия «Өзін-өзі тану» пәнін элективті пәндер санатына көшіру жобасын ұсынып үлгерді. Оны шәкірттер ең көп дегенде бір оқу жылы оқиды. Қазір сабақ 1-11 сыныптар аралығында оқытылады.
2021 жылы адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты ашылып, бұл жұмысты жалғастыруы керек еді.
«Институт ұжымы мен профессорлық-оқытушылар құрамы еліміздің әрбір оқытушысы өзінің кәсіби миссиясын – шәкірттерін білім жолына жетелеу, терең мәні мен өшпес маңызын аша түсуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасады және жасай береді. Жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша Сара Алпысқызы тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде гуманистік құндылықтарды, ізгілік пен әділеттілік мұраттарын бекітуге орасан зор үлес қосып келе жатқан рухани көшбасшы және қоғам қайраткері ретінде әлемдік деңгейде орынды мойындалды» делінген институттың сайтында.
Ақпан айының басында мұғалімдер Сара Назарбаеваға арналған «Махаббат үшін өмір» тақырыбында сабақ өткізуге тура келетінін айтып шағымданған. Балаларға бірінші президенттің әйелі адамның қызметі мен тағдыры туралы не айтатынын жеткізу керек еді.
Ал, білім және ғылым министрлігі тәрбие жұмысы жоспарында мұндай тақырыптың жоқтығын хабарлады. Екі аптадан кейін «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды бір жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.
Ratel.kz сайты хабарлағандай, кейбір мұғалімдер мұнымен келіспейді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялап, мемлекеттік білім стандартында «Өзін-өзі тану» пәнін қалдыруды сұрайды.
«Егер «Өзін-өзі тану» пәні мектеп бағдарламасынан алынып тасталса немесе факультатив санатына ауыстырылса, бүкіл білім беру жүйесі тек мектепте ғана емес, қоғамда да зардап шегеді. Қаңтардағы қандай да бір террористер, тонаушылар және қалаларымыздың алаңдары мен көшелерінде дүрліктірген арандатушылардың шыққаны алаңдатады. Осындай рухани тәрбиесіз агрессивті, қатыгез, жеккөрінішті ұрпақ шығатыны бәрімізге ащы сабақ. «Өзін-өзі тану» пәні еліміздің қауіпсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының кепілі!» делінген үндеу мәтінінде.
Ұстаздардың айтуынша, бұл сабақ өзін және әлемді танитын тұлға тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Өзін-өзі тану – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның ұсынысымен енгізілген пән. Сара Алпысқызы ұзақ жылдар бойы «Бөбек» қайырымдылық қорын басқарып келеді. Соның негізінде осы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы әзірленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық