Мұғалім алты жыл бойы балалар үйінің ақшасын қолды етіп жүрген
Алматыдағы балалар үйінің әлеуметтік мұғалімі өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, балалардың есепшоттарынан ірі соманы аударып келген.
Бұл туралы Orda.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Алматы облыстық №1 балалар үйіндегі бұрынғы әлеуметтік педагог Мұстафина директордың сенімхатымен қамқоршыларына асыраушысынан айрылу мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы беріп отыру үшін банктік шоттар ашқан.
– Мобильді банкинг арқылы тәрбиеленушілердің есеп шоттарына толық қол жеткізе отырып, ол балалар үйінің тәрбиеленушілерінен қаражатты жеке карточкалық шотқа аударды, сондай-ақ банкоматтан кейбір қаражатты сотталғандардың өздерінің банк карталары арқылы шешкен, - делінген хабарламада.
Сотталушы басқа адамдардың ақшасын 2015 жылдан бері пайдаланып келген. 2018 жылдың күзінде балалар үйінің директоры Қондыбаева мұғалімнің айласы туралы біліп, оған ешқандай шара қолданбаған. Не жұмыстан шығармады, не полицияға хабарламады, не сенімхатты қайтарып алмаған.
Алты жыл ішінде Мұстафина 67 млн теңге ұрлаған. Сот барысында әйел қылмысын мойындап, балаларға 10 млн теңгені қайтарып берді.
Бұрынғы әлеуметтік педагог сот үкімімен кінәлі деп танылды. Өзге адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі көлемде жымқырғаны үшін әйел жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Оған 10 жыл мұғалімдік қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Балалар үйінің бұрынғы директоры Қондыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы «Абайсыздық» бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2,7 млн теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық