Әлжан Имашев лауазымын босатты
Әлжан Имашев «ҚТЖ - Жүк тасымалы»ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын босатты. Бұл туралы Orda.kz редакциясының дереккөзі хабарлады.
Әлжан Имашев - Қазақстан орталық сайлау комиссиясының төрғасы Берік Имашевтың ұлы, Нұрали Әлиевтің әйелі Аида Имашеваның інісі. Нұрали Әлиев бірінші президенттің қызы Дариға Назарбаеваның ұлы.
Еске сала кетейік, соңғы ақпараттар тұсында тұңғыш президенттің бірқатар туыстары қызметтерінен босатылды. 15 қаңтар күні Назарбаевтың екі күйеу баласы қызметінен кетті. «ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияларының басшылық лауазымынан Дариға Назарбаеваның күйеуі - Шәріпбаев және Әлия Назарбаеваның күйеуі - Досанов босатылды.
17 қаңтар күні Назарбаевтың тағы бір күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті. Сонымен қатар, 17 қаңтар күні президент Тоқаев экс-президенттің інісі Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты.
Қазіргі таңда Назарбаевқа жақын туыстарының ішінен билік басында тек мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева ғана қалды, ресми деректерге сенсек ол коронавируспен ауырып жатыр. Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев ел алдына соңғы рет 2021 жылдың желтоқсан айында шыққан. Қазіргі таңда шетелдік және отандық саясаткерлер оның шетелде екенін немесе Қазақстанда екенін талқылап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық