Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
Сурет: kk.wikipedia
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы жаңа Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Әбдіғалиұлы Берік Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген құжат мәтінінде.
Берік Әбдіғалиұлы бұл тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол 1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылында дүниеге келген. Бұған дейін Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болған (10.2019-01.2021).
Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлытау өңіріндегі барлық деңгейдегі мәслихаттар отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды.
«Мұрат Нұртілеу депутаттарға президенттің Ұлытау облысының әкімі лауазымына екі кандидатты - Әбдіғалиұлы Берік пен Шайдаров Серік Жаманқұлұлын қарауды ұсыну туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс берудің қорытындысы бойынша 64 депутаттың ішінен Ұлытау облысы әкімінің лауазымына екі кандидатты ұсынды. Берік Әбдіғалиұлының кандидатурасына 51 депутат, Серік Шайдаровқа 13 депутат дауыс берді» делінген хабарламада.
Облыс құрамына Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен үш қала – Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев кіреді.
Еске салайық, 8 маусымда ҚР Президентінің 4 мамырдағы еліміздің жаңа өңірлерін құру туралы жарлығы күшіне енген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық