Ұлыбританияда Елбасының миллиардтары табылды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияны елдегі және шетелдегі жалпы сомасы 7,8 млрд доллар активтерін басқару үшін пайдаланғаны белгілі болды.
Daily Telegraph журналистік тергеу бюросы (TBIJ) Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020-2021 жылдары Ұлыбританияда тіркелген Jusan Technologies холдингтік компаниясын «Қазақстандағы 30 жылдық билігі кезінде жиналған 8 млрд долларға жуық активтерді сақтау және бақылау үшін пайдаланғаны» туралы есебін жариялады.
2009-2021 жылдар аралығында Назарбаев өзінің атымен аталатын бірнеше жеке қор құрған. Ресми деректерге сәйкес, қор қайырымдылық ағарту, әлеуметтік және патриоттық жобалармен айналысады. 2020 жылы құрылған Jusan Technologies холдингін үш қор, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бақылап отырған.
2021 жылдың қазанында журналистер алған құжаттар сол кезде Jusan Technologies корпоративтік коммуникациялардың тұтас жүйесінің орталығында болғанын көрсетеді. Ондағы акциялар Қазақстанның билік элитасы өкілдеріне және Біріккен Араб Әмірліктерінің басқарушы топтарымен байланысқан компанияларға тиесілі.
2021 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Jusan Technologies-тің жалпы активтері АҚШ-тың қазынашылық міндеттемелерін, Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік облигацияларын және 3 млрд доллардан астам ақшалай қаражатты қосқанда 7,8 млрд долларды құрады.
Jusan Technologies құрылымындағы ең құнды бизнес Қазақстандағы ең ірі бөлшек банктердің бірі First Heartland Jusan Bank болып табылады. Бұл банк төрағасының орынбасары 2015 жылға дейін бұрынғы вице-премьер және президент Назарбаевтың көмекшісі болған.
Тергеу аясында журналистер Лондондағы Нұрсұлтан Назарбаев қорының мүддесін қорғайтын Boies Schiller Flexner заң фирмасына хабарласты.
2021 жылдың соңында Jusan Technologies компаниясының меншік құқығы өзгерді. Бұл Jusan Technologies-ті қайырымдылық көмек ретінде алған американдық Jysan Holdings LCC коммерциялық емес ұйымы болды.
Jysan Holdings LCC өзі NU Generation Foundation коммерциялық емес ұйымына тиесілі. Ал бұл ұйымның басшысы, TBIJ мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев қорының басшысы Аслан Сәрінжіпов.
Ол 2013-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі болған.
Осылайша, журналистердің айтуынша, қазір Қазақстанның экс-президентінің бизнес империясы АҚШ арқылы бақыланады.
Еске салсақ, жақында лейборист депутат Маргарет Ходж Назарбаев қайырымдылық қорларын Jusan Technologies арқылы өзіне тиесілі активтерді «жасырын бақылауға» пайдаланды деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық