Құлыбаев Нұр-Сұлтанда шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысты
фото: видеодан кадр
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа оның алдағы жоспарлары туралы сұрақ қойылды.
Видеоны «Выход к правде» instagram-парақшасы жариялады.
Құлыбаев тоқтап, журналистерге жауап берді.
– Құрметті әріптестер! Осындай маңызды сұрақтарды жүріп келе жатқанда қоясыздар, – деді күлімсіреп Құлыбаев.
Ол бұл сөзден басқа артық ештеңе айтпаған.
Тимур Құлыбаев 9 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысты. Шараға ірі трансұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Назарбаевтың күйеу баласының қандай қызметте және не үшін қатысқаны айтылмаған. Бұған дейін ол соңғы рет 21 қаңтарда президент Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу өткізген кезде көпшілік алдына шыққан.
Қаңтардағы наразылық басылғаннан кейін Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті. Одан кейін ол палата жұмысының басты нәтижесі бизнес пен үкімет арасындағы қалыптасқан сындарлы диалог, қолайлы бизнес-климатты дәйекті қалыптастыру екенін атап өтті. Одан кейін Елбасының тағы екі күйеу баласы – Шәріпбаев пен Досановтың ұлттық компаниялардағы қызметтерінен кеткені хабарланды.
Құлыбаев Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның жолдасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық