Львов облысындағы ірі жанар-жағармай базасы мен жөндеу зауыты жойылды
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Львов облысындағы ірі жанар-жағармай базасы мен қару техникаларын жөндеу зауыты жойылғанын хабарлады.
Сенбі күні Львовтағы украин әскерлерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін ірі жанармай базасы жоғары дәлдіктегі қару-жарақ арқылы жойылды, деп хабарлады жексенбі күнгі брифингте Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенков.
«26 наурызда жоғары дәлдіктегі алыс қашықтыққа ұшатын қару арқылы Львов қаласының маңы, Украинаның батыс аймағындағы және Киев маңындағы украин әскерлерін жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп отырған жанармай базасы жойылды» деп келтіреді РИА Новости Конашенковтың сөзін.
Сондай-ақ, ол Львов радио жөндеу зауыты шеберханаларының да қирағанын қосты. Бұл кәсіпорында, Ресей Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, «Тор» және «С-125» зениттік-зымырандық кешендері, Украина әуе күштерінің радиолокациялық стансалары, электронды соғыс техникасы мен танктерге арналған көздеуіштер күрделі жөндеуден өтіп, өңделіп отырған.
Арнайы әскери операция басталғаннан бері барлығы 289 ұшқышсыз ұшу аппараты, 1656 танк және басқа да броньды жауынгерлік техника, 169 көп реттік зымырандар, 684 далалық артиллерия мен миномет, сонымен қатар Украина Қарулы Күштерінің 1503 бірлігі арнайы әскери техникасы жойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық