«Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
Коллаж: Orda.kz
Араб компаниясы 35 миллиард долларға дейін инвестиция салуға дайын және Қазақстан мен Ирактағы үлестерін де қарастыруда, деп хабарлайды Orda.kz.
Абу-Дабидің International Holding Company (IHC) ірі копманиясы ресейлік «Лукойл» компаниясының шетелдік активтерін сатып алуға қызығушылық танытты. Компания АҚШ Қаржы министрлігін хабардар еткенін растады. Reuters мәліметінше, мәміле 13 желтоқсанға дейін болуы мүмкін. Дәл осы күнге дейін Вашингтон «Лукойлмен» келіссөз жүргізуге рұқсат берді.
IHC - БАӘ президентінің ағасы және әмірліктің екі тәуелсіз қорының басшысы шейх Тахнун бин Зайед Әл Нахаян басқаратын Әбу-Дабидің ірі жария компаниясы. Конгломерат энергетика, денсаулық сақтау, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы және тау-кен өндіру салаларында жұмыс істейді. Бас директордың айтуынша, алдағы 18 айда IHC 30-35 миллиард доллар инвестициялауға дайын.
IHC бұған дейін ExxonMobil, Chevron және Carlyle Group қызығушылық танытқан «Лукойл» халықаралық бизнесіне кезекті үміткер болды. Компаниялар Қазақстан мен Ирактағы жобалардағы үлестерді сатып алу мүмкіндігін зерттеуде. Оның ішінде «Лукойл» үлестері бар Қарашығанақ және Теңіз кен орындарындағы активтер талқылануда.
Барлық әлеуетті мәмілелер АҚШ-тың мақұлдауын алуы тиіс. Бұған дейін АҚШ билігі швейцариялық Gunvor-дың активтерін Кремльмен байланыста деп күдіктеніп, сатуға тыйым салған болатын.
Санкциялар енгізілгеннен кейін «Лукойл» өзінің шетелдік мүлкіне бақылауын жоғалта бастады. Бұл активтерге әлемдік мұнай өндірудің шамамен 0,5% -ы тиесілі. Олардың ішінде Еуропадағы үш МӨЗ, жүздеген жанармай құю станциялары, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Мексика, Гана, Египет, БАӘ және Нигерия жобаларында үлестері бар.
Қазақстанда да «ҚазМұнайГаздың» өзі «Лукойл» активтерін сатып алу мүмкіндігі талқылануда. Алайда ұлттық компания мен Энергетика министрлігі мұндай келіссөздерді жоққа шығарды, бірақ сарапшылар ҚМГ сатып алуға басым құқықты пайдалана алады деп санайды.
Еске салсақ, санкция қысымына түскен ресейлік «Лукойл» компаниясы шетелдегі активтерін сата бастады.Компания мұндай шешімді өзіне және оның еншілес ұйымдарына қарсы енгізілген шектеулерден кейін қабылдаған еді.
Бұған дейін Gunvor компаниясы да сатып алу туралы ұсынысты өз бетінше жасап, тараптар мәміленің негізгі шарттарын келісіп қойған. Бұл Путиннің досы ашқан компания ретінде белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық