Лукашенко өз меншігіне қатысты түсірілген Nexta фильмі туралы пікір білдірді
Беларуссия Президенті Александр Лукашенко Nexta тобының Telegram каналындағы «Лукашенко. Золотое дно» зерттеу-фильмін жалған, әрі әдепсіз деп атады. Дегенмен ол фильмді өзінің әлі көрмегенін мәлімдеді.
— Президент интернетте жарияланған өзі туралы фильмде айтылған ақпаратқа түсініктеме берді, онда Беларуссия мемлекеті басшысының сән-салтанатта өмір сүріп жатқаны айтылады. Александр Лукашенко берілген ақпараттың жалғандығын атап өтті. Сонымен қатар ол бұл фильмді әлі көрмегенін мәлімдеді, делінген Беларуссия басшысының ресми сайтында.
Александр Лукашенко фильмге көзқарасы туралы «Минская лыжня-2021» республикалық қысқы спорт фестивалі кезінде айтты.
— Бұл өте көлемді фильм дейді, оған көп уақыт кетеді. Менің оны көріп отыратын уақытым жоқ. Маған тек талдау жасалған бөліктерін көрсетті. Мен оны көріп, ешқандай жаңалық жоқ деген қорытындыға келдім. Олар бұл тақырыпты бекер қозғаған. Бұл Путин туралы фильмнің көшірмесі. Сарайлар бар, тағы бір нәрсе бар, олар тіпті адамның қойын-қоншын ақтарып кеткен. Бұл негізінен әдепке жатпайды. Сонымен қатар, олар нақты есімдерді атайды, мен сізге ант етемін, олардың еш қатысы жоқ, деді Беларуссия президенті.
Ол өзі тоқтайтын жерлерде ешқандай асып-тасыған байлық жоқ екенін, мысалы, әдетте көктем сайын баратын Припятиде таңқаларлық ештеңе жоқ екенін айтты.
— Ол жер демалыс орталығы, президент тоқтайтын ағаш үй бар. Оның бір бөлігі қоғамдық. Жалпы бір үлкен зал. Менің жатын бөлмем мен балалар бөлмесі. Болды. Осы ма, айтқан сарайларың? Ол менікі емес, мемлекеттікі, - деді Александр Лукашенко.
Сондай-ақ президент фильмде көрсетілген сағат туралы да айтты.
— Ал бұл сағатқа шамамен 15 жыл болған шығар. Ашығын айтайын, олар лақпасын. Бұл сағатты маған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыйлаған. Жалпы мен бір құпияны айтайын: менің ойымша ешбір президент «керемет» болмаса, сағат сатып алмайды, деді Лукашенко.
Сонымен қатар ол халықаралық саммит сияқты ірі іс-шараларда шақырушы тарап қонақтарға қандай-да бір тартулар сыйлайтындығын түсіндіріп өтті.
— Мен оларды Тәуелсіздік сарайының музейіне орналастыруды тапсырдым (Президентке берілген сыйлықтар президенттің резиденциясында заңды түрде сақталады). Онда біздің «Луч» сағатынан (бұл менің алғашқы сағатым, мен ол кезде президенттікке үміткер едім) бастап қазір айтылып жатқан сағатқа дейін бар. Осы сағаттар үшін біреу ақша төледі деп алаңдамасын. Ал бағасын өздеріңіз көрдіңіздер. Олар бағаны 10-15 есеге көтеріп: «ах, Лукашенко алтынға қалай жақын» дейді. Мен бұндай артықшылыққа шыдай алмаймын, деді Беларуссия Президенті.
Қаржы ресурстарына келетін болсақ, Лукашенко өзінің қолында төтенше жағдай үшін бірнеше жылдан бері жинақталып келе жатқан қор бар екенін түсіндірді.
— Мен біреуден бірдеңе ұрлауға ешқашан жол бермеймін. Себебі мен кедейлікте емес, қорқынышты жоқшылықта өстім. Мен әр рубльдің құнын білемін, деді ол.
Фильм шыққанға дейін де Александр Лукашенко оның қарамағында «жеке сарайы» бар деген болжамға екі рет түсініктеме берген. Ол өзінің анасымен бірге тұрған, өзі өскен жеті де сегіз метрлік үйге иелік ететінін айтқан.
— Егер біреу Лукашенконың «сарайын» тапса, дереу көшіп кіріп алсын, деді Лукашенко.
Жаңалықтар
- Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің үйі аукционға шығарылды
- Президент бюджет жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
- «Көлігіңмен қоса өртеп жіберемін»: Астаналық такси жүргізушісіне жолаушы қоқан-лоқы көрсеткен
- Астанада бес жасар баланы ойын алаңында ток соғып, жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында 19 жастағы әйел «Барниге» бола күйеуімен жанжалдасып, кейін қайтыс болды
- «Бір күнде 14 айыппұл»: Алматы облысында жүргізушілер жол камераларына шағымданды
- 16 жастағы қыз қаза тапты: Алматы облысында бір топ жасөспірім жол апатына түсті
- Азия чемпионаты: Еліміздің ауыратлеттері 59 медаль алып, бес әлемдік рекорд орнатты
- Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді
- Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды
- Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
- Мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған: Оқиғаның жай-жапсары
- Иран АҚШ-тың әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған сарбазы үшін 30 мың доллар төлеуге дайын
- «Бұл арандату емес»: Бақытжан Базарбектің туыстары жол апаты туралы пікір білдірді
- Жаңатоған ауылының тұрғындары өртпен өздері күресіп жатыр: Бір адам ауыр жараланды
- «15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды
- Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды
- Анкарада Әлихан Күриш қамауға алынды: Тергеу барысында 200 келі алтын тәркіленді
- Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?
- ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды