Лукашенко Украинадағы жағдай бойынша шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзден
Беларусь президенті әскерилермен өткен жедел кеңесте Украинадағы жағдай бойынша шұғыл мәлімдеме жасады.
РИА новостидің хабарлауынша, Александр Лукашенко «Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда жіберілуі мүмкін» деп айтқан.
«Бұл қақтығысқа біз қатысамыз, не қатыспаймыз деп қазір жауап бере алмаймын. Дәл қазіргі сәтте біздің әскер ол қақтығыста жоқ. Бірақ алдағы уақытта Беларусь пен Ресейге қажет болса барады, қақтығысқа қатысады» деді Лукашенко.
Оның айтуынша, Украина соғысты өзі тілеп алған, оны алдын алу үшін ештеңе жасамаған.
«Бұқаралық ақпарат құралдарынан жасырылған барлық дерек олардың бұл қақтығысты қалағанын айғақтайды. Себебі оны болдыртпау үшін ешнәрсе істемеді. Олар онсыз да шиеленіскен нәрсені үнемі одан ары шиеленістіре түсті. Тіпті бұл республикалар тәуелсіздігін мойындағаннан кейін де болып отыр» деді ол.
Лукашенко сондай-ақ Украина Ресейдің талабын орындау керектігіне сенім білдірді.
«Иә, талаптар Украинаға қатысты қатал болады. Егер жеңіліп қалса, не болады? Әрине, жеңімпаз өз талабын айтады. Бұл жағдайда Украина үшін бір талапты орындау, жеңілгенінен әлдеқайда жақсы болады» деді Беларусь президенті.
Еске салсақ, бүгін, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыс бастады. Артынша Укриана президенті Владимир Зеленский елде соғыс жағдайын енгізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық